Текст
28.08.2023
"Ақбота" тобында, эксперименттік - "Жас зерттеуші" атты , аптасы өтті. "Құмда ізгілер" ойыны, "Сулы және құрғақ құм" зерттеу жұмыстары, және " Суды бояу, сумен көңілді ойындар" зерттеу жұмыстары өткізілді. Мақсаты: Балалардың судың, құмдың қасиеттерін білімдерін дамыту. Балалардың зерттеу қызығушылығын дамыту. Балалардың сөздік қорын молайту.
28.08.2023
"Бөбек" тобында тәжирбие аптасы өтті. Мақсаты: Балаларды құмның қасиетімен ерекшеліктерімен таныстыру. Құммен сурет салу дағдыларын жетілдіру. Көріп сезіну арқылы балалардың сөздік қорын, танымдық қабілетін дамыту.Балалардың зейін, ой қиялын тілін қолдың ұсақ моторикасын дамыту .Ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
28.08.2023
«Жас зерттеуші» эксперименттерінің апталығында «Колосок» тобының балалары көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді, жаңа сөздермен және ұғымдармен танысты, зерттеу іс-әрекетіне қызығушылық танытты, жұппен және топшамен жұмыс жасады. «Гүл оянды», «Батып кетті, батпайды», «Түс араласып кетті», «Сиқырлы субұрқақ» және «Құм кірпі» ойыны бойынша тәжірибелер өткізілді.
28.08.2023
Жазғы жоспар бойынша "Балдырған" тобында тәжірибе аптасы өтті. Су, құм, ауа не үшін қажет екенін тәжірибе арқылы түсініп, меңгерді. Мақсаты: Балаларға құмның (сулы және құрғақ) екенін түсіндіріп көрсету. Ауаның түссіз, мөлдір, пішінсіз екенін түсіндіріп меңгерту. Судың қасиеттерімен таныстыру.Балаларға сабын көпіршіктерімен ойнау ережелерін үйрету. Терең дем алу, дем шығару жаттығуларын ойнау арқылы дамыту.
28.08.2023
"Ақбота" тобында, "Шығармашылық аптасы" өткізілді. Дәстүрлі емес сурет салу күні ( саусақпен сурет салу, маталы таяқшаларымен сурет салу) . Қолөнер сайысы " Өте шебер қолдар". Балалардың шығармашылық көрмесі "Біз Қазақстанның болашағымыз!" Мақсаты: шығармашылық қиялды дамыту, сызылған заттың табиғатын жеткізе білу.
28.08.2023
Жазғы жоспар бойынша "Бөбек" тобында шығармашылық аптасы өттілді. Балалар дәстүрлі емес сурет салу «саусақпен сурет салу», «алақанмен сурет салу», «губкамен сурет салу» әдістерін меңгерді. Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеті дамиды. Өз бетімен еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ойлап табу, талпыну қабілеттері ашылады.
24.08.2023
Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау
Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 маусымда № 20883 болып...
23.08.2023
Бос орындар бар: Мемлекеттік тілде оқытылатын 2019 жылы туған 1 орын. Орыс тілде оқытылатын 2019 жылы туған 1 орын.
21.07.2023
Жазғы сауықтыру жоспары бойынша Колосок және Балдырған топтарында спорттық шаралар өткізілді. «Мықты балалар» Мақсаты: дене шынықтыру арқылы балаларды салауатты өмір салтына баулу, спорттық ойындар мен жаттығуларға деген оң көзқарасын қалыптастыру, дамыту. қозғалыс дағдылары: төзімділік, зейін, үйлестіру; ойын мәтінімен әрекеттерді үйлестіру қабілетін жылдамдату; балалар арасындағы достық қарым-қатынасқа, олардың жетістіктеріне қуана білуге тәрбиелеу.
21.07.2023
Жазғы сауықтыру жоспарына сәйкес "Ақбота", "Ручеек"топтарында спорттық іс-шара өткізілді. "Біз спортшылармыз " Мақсаты: дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына деген қызығушылықты арттыру. Дененұсқаушысы : Уалиева А. С.