Текст
02.09.2023
29 тамыз күні "Балдырған" тобында "30 тамыз – Конституция күніне" орай тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі екеніне көз жеткізу.
02.09.2023
"Бөбек" тобында "Ата -заңым ардақты" тәрбие сағаты өтті. Ата-заңы туралы тәрбиеленушілердің түсініктерін кеңейту. Отанын қорғауға, сүюге еліміздің рәміздерін қастерлеп, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу. Сұрақ беру арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
02.09.2023
«Колосок» ортаңғы тобында «Қазақстан Республикасының Конституция күнінің» мерекесі өтті. Балалар Қазақстан Республикасының әнұранын орындады, тақпақтар айтты, викторинаға қатысты, ойындар ойнады. Кішкентай патриоттарымыз өз республикасын, астанасын, рәміздерін біледі, олардың конституция туралы алғашқы түсініктері бар. Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге көмектескен ата-аналарға мың алғыс.
02.09.2023
Әр түрлі жастағы «Ручеёк» тобында «Қазақстан Республикасының Конституция күні» тақырыбында әңгіме өткізілді. Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы түсініктерін қалыптастыру. Отанға, мемлекеттік рәміздерге құрмет туралы түсініктерін дамыту. Адамгершілік, патриоттық сезімдерін, Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және сақтауға құштарлығын тәрбиелеу.
02.09.2023
28 тамызда "Бөбекжай табалдырығындағы жаңа оқу жылы" атты №1 педагогикалық кеңесі өтті, онда келесі мәселелер талқыланды: мектепке дейінгі ұйымның оқу жылына дайындығы, жылдық жоспарды бекіту, нұсқаулық - әдістемелік хатты зерделеу және т. б.
28.08.2023
"Балдырған" кіші тобында "Туған өлкенің білгірлері" атты апталық күні өтті. Мақсаты: Балаларға туған өлке туралы түсінік бере отырып, өз ауылымыздағы бөбекжаймен және ауладағы ағаштармен, өсімдіктермен таныстыру. Туған өлке туралы өлеңдерді еске түсіруге, ермексазбен туған өлкемізде мекендейтін жануарды мүсіндеуге үйрету. Туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
28.08.2023
21-25 тамыз аралығында «Туған өлкенің білгірлері» тақырыптық апталығы өтті. Мақсаты: Отанға, әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу; балалардың білімін бекіту және толықтыру. Апта бойы балалар «Менің Отаным - Қазақстан!» атты альбом қарады; өлең айтты; Қазақстанның табиғаты (өсімдіктер мен жануарлар әлемі) туралы бейнеролик көрді; туған өлке, Жақсы ауылы туралы білімдерін бекітті.
28.08.2023
"Ақбота" әр түрлі жастағы тобында: "Туған өлкенің білгірлері" - апта күні өткізілді. Мақсаты: Қазақстанның табиғатымен, сұлулығымен таныстыру, табиғатқа қамқорлықты жасауды үйрету. Туған жерімізге сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу. Балаларды Қазақстанның рәміздерімен таныстыру, рәміздерге деген патриоттыққа тәрбиелеу.
28.08.2023
Жазғы сауықтыру жоспары бойынша «Ручеёк» тобында «Туған өлкенің білгірлері» апталығы өтті. Мақсаты: Қазақстан қалаларына, туған өлкенің өсімдіктері мен жануарларына деген қызығушылықтарын кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
28.08.2023
"Бөбек" тобында "Туған өлкенің білгірлері" атты апта күні өтті. Мақсаты: Қазақстанның туған өлкесіндегі табиғатының сұлулығымен таныстыру. Туған жердің көрінісін кітаптардан көріп білуге үйрету, Қазақстанның қызыл кітапқа енгізілген жануарларымен таныстыру. Өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу.