Текст
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Жақсы ауылының №2 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің педагогі балалары мектепке дейінгі ұйымға бармайтын ата-аналармен кеңес беру орталығының жұмысы туралы сұрақпен құзіреттілік орталығына хабарласты. Жетекшісі Жуманова Ф.С. және әдіскерлер Сабекова У.А. , Капасова А.С. «Дән» бөбекжайының кеңес беру орталығының жылдық жұмыс жоспары бойынша түсіндірме жазба, ақпараттар көрсетілді.Одан кейін осы бағыттағы жұмыстарды жақсарту және ата-аналарды ынтымақтастыққа тарту бойынша ұсыныстар берілді.