Текст
07.05.2023
4 мамыр күні "Қарлығаш" тобында 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне орай іс шара өтті. "Батыл сарбаздар"-атты ұлдар арасында сайыс өтті. Мақсаты: Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
07.05.2023
Шара аясында 7 және 9 мамыр күндері жалпыхалықтық «Еркін ел ұрпағы» патриоттық диктанты өткізілді.
07.05.2023
4 мамыр күні «Колосок» кіші тобында «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» атты іс-шара өтті. Балалармен «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» көрмесі бойынша әңгіме жүргізілді, онда балалар мен ата-аналардың бірлескен жұмыстары ұсынылды. Балалар көптеген жаңа нәрселерді білді: мерекенің атауы, әскери техника, Қазақстан Республикасының туы. Олар «Өткір атқыш», «Жылдам мерген», «Ұшу алаңы» ойындарын ойнау арқылы дәл, жылдам, күшті болғысы келетіндерін көрсетті. Шара соңында қыздар ұлдарға сыйлықтар беріп, құттықтады.
07.05.2023
4 сәуір күні "Балдырған" кіші тобында Отан қорғаушылар күніне тәрбие сағаты және балалардың суреттерінен көрме өтті. Балаларға 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Сіздерді бүгінгі мерейлі мереке – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын
07.05.2023
4 мамыр күні "Бөбек" тобында "7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне" орай ата -аналар балалармен бірлесе жасаған жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Отан қорғаушылар туралы түсінік беру. Балалардың ақыл- ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын дамыту. Балаларды ұлтжандылыққа Отан сүйгіштікке, елін жерін сүйетін батыл азамат болуға тәрбиелеу.
30.04.2023
27 сәуірде «Ручёок» және «Қарлығаш» топтарында «Мен болашақ бірінші сынып оқушысымын» атты сурет көрмесі арқылы сабақтастық жұмысы жүргізілді. Мақсаты: Балаларда мектеп туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, алдағы оқу дағдыларына қызығушылықты дамыту.
29.04.2023
28 сәуірде № 4 педагогикалық кеңес өтті, тақырыбы: Пластилинография және оның түрлері балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы ретінде. Бір апталық жобалар қорғалып, педагогтар мен балалардың қазақ халқының, орыс халқының ертегілері бойынша, сондай-ақ Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері бойынша мозаикалық, тікелей, модульдік және көп қабатты пластилинография арқылы бірлескен жұмыстары ұсынылды.
28.04.2023
28 апреля в старшей группе "Ручеёк" был проведен тематический час "День единства народов Казахстана".Цель: сформировать между детьми дружеские взаимоотношения; научить детей помогать друг другу, уважать и ценить отношения между людьми;воспитывать уважение к людям разных национальностей.
28.04.2023
Сәүірдің 28 күні "Ақбота" тобында "1 мамыр- ынтымақ пен бірлігі күніне" орай тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Тәрбиеші: Бейсенова Ж.Ж
28.04.2023
30 сәуір күні "Бөбек" тобында Ашық тәрбие сағаты өтті. 1мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні ! Мақсаты:1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күн мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа өз Отанын сүюге қорғауға көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға тәрбиелеу.