Текст
29.09.2023
22 қыркүйек күні "Қарлығаш" және "Бөбек" топтарында тілдер мерекесінің онкүндігінің жабылуына орай ертеңгілік өтті. Балалар билеп, ойын ойнап, қызығушылықпен қатысты. Балаларға арнап, ата-аналармыз дәмді дастархан дайындады. Белсене қатысқан ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз.
29.09.2023
Қыркүйектің 22 күні "Балдырған" әр түрлі жастағы тобында "Тілдер күні" атты ертеңгілігі өтті. Мақсаты: балалардың өз балабақшасы туралы туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, тілін дамыту, әңгімелесу, тақпақтар, ән айту арқылы ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
29.09.2023
22 қыркүйекте «Колосок» тобында Тілдер күніне арналған «Қазақстан халықтарының тілдері күні» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілік Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен басталды. Балалар «Біз Қазақстанда тұрамыз» өлеңін оқып, «Біздің балабақша жақсы» әнін орындады. «Киіз үй, киіз үй – домалақ үй» ойындық шығармашылық іс-әрекетіне қатысты. Ұлттық тағамдармен таныстық: қазақтың «Бауырсақ», орыстың «құймақтары», татардың «Чак-чак», немістің «Апельсин салмасы бар пирог». Ертеңгілік «Бір шаңырақ астында» қойылымының көрсетілімімен аяқталды.
29.09.2023
Қыркүйектің 21 күні "Тілдер күнінің" онкүндігіне орай "Ақбота" тобында және "Ручеёк" тобында: "Қазақстан халқының ойындары" - атты спорттық іс-шара өткізілді. "Арқан тартысы" - қазақ халқының ойыны; "Аңшы мен үйректер" - белорус халқының ойыны; "Жмурки" - орыс халқының ойыны. Балалар бұл іс-шарада белсенді қатысып, көңіл күйлері жақсы болды, соңында балалармен "Жаяу" атты флешмобын биледі.
29.09.2023
ыркүйектің 21 күні "Тілдер күнінің" онкүндігіне орай "Балдырған" әр түрлі жастағы тобы "Қазақстан халқының ойындары" атты ойындар күнінде әр түрлі халықтардың ұлттық ойындарын ойнады. Балалар бұл іс-шарада қызығушылықпен ойнады.
29.09.2023
21 қыркүйек күні "Бөбек" және "Қарлығаш" топтарында Тілдер мерекесіне орай "Қазақстан халқының ойындары" ойындар күні өткізілді. Бұл іс-шарада қазақтың ұлттық ойындары "Шаңырақ" ойыны, "Қыз қуу" ойыны, "Асық" ойыны және т.б. ұлттық ойындар ойналды.
29.09.2023
21 қыркүйекте "Колосок" тобында "Қазақстан халықтарының ойындары" ойындарының күні өтті. Іс-шара көңілді музыкалық жылынудан басталды. Балалар ептілік, жылдамдық, тапқырлықты дамытқан ұлттық ойындармен танысты: қазақ ұлттық ойыны "Шаңырақ", татар ұлттық ойыны "Күн қояндары", орыс ұлттық ойыны "Бұлт ұшады".
29.09.2023
19 қыркүйек күні "Қарлығаш" кіші тобының ата -аналары мен балалардың бірлесіп жасаған Тілдер күніне арналған суреттері мен қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Белсене қатысқан ата-аналар мен балаларға алғыс айтамыз.
29.09.2023
19 қыркүйек күні әр түрлі жастағы "Балдырған" тобының ата-аналары мен балалардың Тілдер күніне арналған суреттер, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Белсене қатысқан ата-аналарымызбен балаларымызға алғыс айтамыз.
29.09.2023
"Ақбота" тобында жоспар бойынша ата-аналармен бірге "Тілдер мерекесі!" атты көрмесі өтті. Ата-аналар балалармен бірге әдемі қолөнерді жасап әкелді, және керемет суреттерді әкелді. Баланың ата-анамен бірге жасаған жұмыстары қарым-қатынастарды нығайтады. Ата-аналарымызға осындай керемет сурет және әдемі қолөнері жасап алып әкелгендеріңізге көп рахмет!