Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту

30.10.2017

Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту


«Адамды жалпы тіршіліктің әмірші еткен
интеллектуалды артықшылықтар емес,
ол қол - осы органмен барлық органды меңгереміз»
Джордано Бруно

 

Тіл – адамның қатынас құралы болса, сөйлеу тілі негізінде ойлаудың өзіне тән ерекшелігі жасалып, адамдар арасындағы әлеуметтік байланыс орнайды. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Мектепке дейінгі кезең-ағзаның барлық бөліктерін және жүйелерінің қарқынды дамып қалыптасу кезеңі. Осы мектепке дейінгі кезеңде баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным мен іскерлігі қалыптасады. Балалар арасындағы сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылыс. Көптеген тәжірибиелерге сүйенсек, сөйлеу тілі бұзылған балалардың белсеңді қозғалуында жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Халқымыз «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Өнер алды-қызыл тіл», -деп тіл құдіретіне табынса, қолдың да маңызын «Он саусағынан өнер тамған», «Бес саусағынан бал тамған», «Көз-қорқақ, қол-батыр» деп бағалаған, бұның өзі адамның ішкі жан-дүниесін білдіреді.

Бұл ғылыми түрде дәлелденген тұжырым. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары саусақтың моторлы орталықтарына жақын орналасқан. Сондықтан ұсақ моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Су-Джок терапиясының авторы Паджев адамның ағзасының белсенді нүктелері қол саусағында орналасатынын дәлелдеген болатын.

Балалардың дыбыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, нервті – психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатынына да назар аудару қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет. Ойын жаттығуларын беруде мына принциптерге сүйену қажет:

·       Ойын жаттығулары баларға қызықты, тартымды болуы қажет, ересек пен бала арасындағы қарым-қатынас сенімділікке құрылуы қажет.

·       Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделігі қарай ойысады.

Қолдың саусақ қызметін анықтайтын бірыңғай ұғым әдебиетте кездеспейді. Десек те оларды жинақтасақ: қолға арналған гимнастика, саусақ гимнастикасы, саусақ ойындары мен жаттығулары, саусақ ойын тренингі, массаждар. Саусақ гимнастикасы күн сайын 3-5 минуттан жеке және топпен өткізуге болады. Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауда қиналса, онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып, пысықтауға болады. Жаттығу нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеңіл орындайды. Ойын қимылдары әрдайым қызықты да тартымды болуы шарт, баланы мезі қылмауы керек. Мысалы: Саусақ ойындары мен жаттығуларын орындату үшін де әр түрлі тәсілдер қолданылады. Саусақ қозғалыстары әр түрлі қысқа ырғақты тақпақтарымен айтылады.

Ол екіге бөлінеді:

1)    Отырып ойнайтын саусақ ойындары.

2)    Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып секіру, бір орында жүгіру, қол, аяқ, бас қимылдары да бірге орындалады. 

Саусақ ойыны - бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.

Адамның  он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес – бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланытынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға тары шаш.

Балапанға бидай шаш,

Балаларға тәтті шаш. - дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:

Сен түйеңе бар,

Сен жылқыға бар.

Сен сиырға бар,

Сен қойыңа бар,

Сен үйде отырып

Шешеңе көмектес. - деп әр саусаққа тапсырма беріледі. Одан соң әр саусақтың басынан ұстай тұрып «қарның ашса: мына жерде нан бар, мына жерде май бар» деп әртүрлі астың атай келіп, қолтыққа жеткенде «қуырмаш»», «қуырмаш» деп қытықтайды.

Көтеріңкі көңіл – күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын, адамға нәр берер түрлі астың атауын да үйретеді. Сондай – ақ төрт түлік малды таныстырып, оны бағып еңбектенгенде ғана тамақтануға болатынын ескертіп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болатынын уағыздайды.

Пассивті жаттығу – ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс.

Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып

төменгі буынға қарай жалғасады.  Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады. 9 айдан жоғары сәбилерге арналған ойын- жаттығулар.

Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ моторикасын дамытуда қолдың саусақ және буындарына массаж қолданудың да маңызы бар. Қазіргі таңда массаж – ғылыми тұрғыдағы әдіс, ол бүкіл ағзаны, дене және ой қызметін қалыпты ұстауда және қалпына келтіруде көптеген ауруды емдеуде және сауықтыруда маңызы зор. Массаж үлкенге де, кішіге де қажет. Ең алдымен массаж дені сау адамдарға жақсы көңіл-күй мен әртүрлі аурулардың алдын алу үшін керек.

Қорытынды:Осылайша, жұмыс нәтижесі тиімді болуы үшін саусақтың нәзік қозғалысын қалыптасыру бойынша түрлі – әдіс –тәсілдер мен қабылдаулар міндетті түрде пайдаланылуы қажет. Жұмысымның нәтижесі ретінде түрлі жұмыстар атқару барысында балалар қызығушылығының артқанын байқадым. Көрнекті ғалым - Мария Монтессори: «Жұмыс жасамас бұрын баланы үйретудің амалын табу, қайталама жатығулар арқылы қозғалыстар дайындау қажет деп айтқан. Бала затты алғанда жаман қылық жасағанын байқаса, өзін жеке қателік жасадым деген сезімге бой алдырады, сонымен қоса баланың алғашқы әсері немесе ойы – өте анық және күшті» екенін естен шығармау керек деп жазған болатын. Міне, сондықтан да шығармашылық процесстен, өзі жасаған істен, әр жұмысты немесе әр қимылды жоғары қызығушылықпен жасауға үйретемін. Бұдан әрі де түрлі қызметке деген қызығушылықты қалыптастыратын ұсақ қол және жалпы моториканы дамытуға септігін тигізетін жаңа әдістемелік қабылдаулар іздеcтіру жұмысын жалғастырамын.

Просмотров: 761


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст