Текст
26.05.2026
№4 педагогикалық кеңестің жоспары бойынша "Мектеп жасына дейінгі балалардың дәстүрлі емес сурет салу техникасы мен тәсілдер арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру" тақырыбында "Колосок" мектепалды даярлық тобында халық суретшісі Әбілхан Қастеев атамыздың туындысы "Жайлаудағы кілемшілер" картинасы негізінде "Ою-өрнектер әлемі" атты қазақ тілі пәнінен ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Міндеттері: балаларды Ә.Қастеевтың "Жайлаудағы кілемшілер" картинасымен таныстыру, ою-өрнектер туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу, пуантилизм әдісі арқылы қозғалыс дәлдігін, "көз-қол" үйлестіре білу, табандылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.