Текст
11.03.2023
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада "Дән" бөбекжайының үздік қызметкерлері марапатталды: "Дән" бөбекжай меңгерушісінің м. а. Жуманова Ф.С., педагог - психолог Мусина Б.Ж.-аудан әкімі Қадыралина А.А. қолы қойылған алғыс хаттармен; Курманбаева Г.Е.- Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподағы Кощегулова К. О. қолы қойылған Алғыс хатпен.
09.03.2023
Наурыздың 6-сы күні "Ақбота " тобында, "Мерекеңмен Аяулы Анашым!" атты ертеңгілік өтті. Мақсаты: 8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту;анаға, әжеге сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Тәрбиешілер: Ширланова А.У; Мусина Б.Ж
09.03.2023
Наурыздың 6 - сы күні "Бөбек" тобында "Ардақты анашым" атты ертеңгілік өтті. Мақсаты: Балаларға 8 -Наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
09.03.2023
7 наурыз күні "Қарлығаш" тобында "Ақ мамам" атты мерекелік ертеңгілік өтті. Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атап, Ешқашан аналарын ренжітпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
09.03.2023
Балабақшадағы 8 наурыз - ең сүйкімді және нәзік, сүйікті және қымбат! 7 наурыз күні «Ручеек» үлкен тобында осы тамаша мерекеге арналған ертеңгілік өтті. Балалар оған жауапкершілікпен қарады, тақпақ үйреніп, аналарына сыйлық ретінде ән мен би дайындады. Балабақшадағы мерекеде балалардың өнер көрсетуі - аналар балаларынан алатын ең жақсы сыйлық. Аналарымыз бен әжелерімізді осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
06.03.2023
Наурыздың 3 күні "Балдырған" кіші тобында "Аяулы анашым"атты мерекелік ертеңгілік өтті Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
06.03.2023
3 наурызда "Колосок" кіші тобында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "В гостях у Карлсона" ертеңгілігі өтті. Мақсаттары мен міндеттері: - балаларды табиғаттағы көктемгі өзгерістермен таныстыру; - мерекелік көңіл-күй қалыптастыру; - балалардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; - қыздарға құрметпен қарауға, ана мен әжеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
27.02.2023
24 күні ақпан айында "Ақбота" тобында "Әке, ана және мен - спорттық отбасы " атты спорттық іс-шара өткізілді. Мақсаты: Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Үш отбасы қатысты. Темірбек отбасы " Сұнқар" командасы; Дмитриевтар отбасы " Витамин Д-3" командасы және Қуанышпаевтар отбасы "Бүркіт" командасы. Барлық командалар 8 турдан өте жақсы өтті.
26.02.2023
23 ақпан күні "Бөбек" тобында "Әкем, анам және мен спорттық отбасы" атты спорттық отбасылық сайысы өтті. Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, белсенділігін, ептілігін, шапшаңдығын арттыру . Балалар мен ата- аналарға спорттық ойындарды орындата отырып спортқа деген қызығушылығын арттыру.