Текст
29.11.2023
Қарашаның 28 күні "Ручеек" тобында № 2 педкеңеске ұйымдастырылған іс-әрекеттің "Праздник Дружбы" атты авторлық ертегінің ашық көрсетілімі өтті. Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, көмектесуге тәрбиелеу. Достық туралы түсініктерін кеңейту, көңіл-күйлерін көтеру.
29.11.2023
27 қараша күні әр түрлі жастағы «Балдырған» тобында #2 педагогикалық кеңесіне «Қайырымды достар» атты авторлық ертегіні тамашалау арқылы ұйымдастыру жұмыстарының ашық көрсетілімі өтті. Мақсаты: Ертегінің мазмұның түсіне білу, рөлдерге бөліп сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету. Балалардың сөздік қорларын дамыту, сөз өнеріне деген құрметке баулу. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
25.11.2023
"Дән" бөбекжайы МКҚК ұйымында Жақсы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Н.Е.Дауылбаеваның, Жақсы аудандық ауруханасының педиатры В. И. Гафарованың қатысуымен қызылша ауруының алдын алу және ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 01.11.2023 ж. қызылша бойынша 7 қаулысын түсіндіру бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді.
25.11.2023
24 қараша күні "Бөбек" тобында "Жадная Алёнушка" атты авторлық ертегісі өтті. Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
24.11.2023
24 қарашада «Ручеёк» тобында педагог Ю.В.Лукьяненко «Орман жануарлары кірпіге қалай көмектесті» атты автордың ертегісін тамашалау арқылы №2 педагогтар кеңесіне ұйымдастырылған іс-шаралардың ашық көрсетілімін өткізді. Міндеттері: Мейірімділік туралы түсініктерін кеңейту.Жақсы істердің әсемдігін көрсету.Балалар бойына мейірімділік, өзара көмек көрсету сезімін ояту.
24.11.2023
23 қарашада «Колосок» тобында «Менің достарым» сөйлеу және көркем әдебиетті дамыту бойынша ұйымдастырылған іс-шараның ашық көрсетілімі өтті. Балалар достық деген не, дос деген кім деген сұрақтарға жауап берді, автордың «Жануарлардың берік достығы» ертегісін тамашалады, онда балалардың өздері рөлдерді айтып, Ю.Энтиннің «Достық туралы» өлеңін оқыды.
24.11.2023
21 қараша күні әр түрлі жастағы "Балдырған" тобында "Жол тәртібін білесің бе?" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Балаларды бағдаршаммен, жолда жүру ережелерімен таныстыруды жалғастыру, жолда қауіпсіз жүру дағдыларын дамыту. Жаяу жүргіншінің өзін - өзі ұстау мәдениетіне тәрбиелеу.
24.11.2023
"Қарлығаш" тобында "Жолда сақ бол!" атты тематикалық күні өтті. Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
24.11.2023
21 қарашада «Ручеёк» тобында жоспарға сәйкес «Жол ережелері» тақырыптық күні өтті. Жақсы аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері полиция аға лейтенанты Хасенов Жаслан Бекжанұлы мен Есімов Дәуренбек Мақсұтұлы шақырылды. Мақсаты: Жол қозғалысы ережелері мен жол белгілері туралы алған білімдерін бекіту. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында көшеде және көлікте өзін-өзі ұстау мәдениетін тәрбиелеу.
24.11.2023
Қарашаның 21 күні "Ақбота" тобында "Жолда жүру ернжелері" тематикалық күні өткізілді. Жақсы АПБ ЖПҚБ УПИ Есимов Дауренбек Максутович және Хасенов Жаслан Бекжанович полиция аға лейтенанттары шақырылды. Міндеттері: Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің сақтау, ойлау, суреттеу дағдыларын дамыту.