Текст
26.12.2023
25 желтоқсан күні әр түрлі жастағы "Балдырған" тобында “Қош келдің, Жаңа жыл" атты жаңа жылдық мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шараның шымылдығын кішкентай тәрбиеленушілеріміз ашып, әсем әндер орындалып, би биленді. Ақшақар, Аяз-ата, Аққала, Қоян, т.б. бүлдіршіндердің көңілін қуантатын кейіпкерлер ортада рөлдерді сомдады.
26.12.2023
«Ручеёк» тобының балалары «Қысқы ертегі» тақырыбындағы Республикалық онлайн байқауға қатысты. Тәрбиеші: Лукьяненко Ю.В.
15.12.2023
«Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тамақтандыруға арналған шығыстарды өтеу туралы» қаулы.
15.12.2023
Сауалнама!
/public/files/2023/12/15/151223_215821_anketirovanie-kaz-3.pdf
15.12.2023
Мемлекетіміздің іргесі берік, тұғыры мығым болсын!
15.12.2023
"Ақбота" тобында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай іс-шара өткізілді. Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры биікте» Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құрметтеуге тәрбиелеу.
15.12.2023
Қазақстанның Тәуелсіздік күні - басты ұлттық мереке. 15 желтоқсанда "Ручеек" тобында осы мерекеге арналған іс-шара өтті. Мақсаты: балаларда патриоттық сезімдерді, Отанға деген сүйіспеншілікті, достық пен бірлікке деген ұмтылысты ояту.
15.12.2023
16 желтоқсан күні "Бөбек" тобында «Менің елім - Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік күні жөнінде түсінік беру. Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, "Отан" туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.
15.12.2023
Желтоқсан айында бүкіл Қазақстан халқы керемет мереке-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін атап өтуде. Біздің тәрбиеленушілер осы мерекеге арналған конкурстарға, ертеңгіліктерге, жарыстарға белсенді қатысады. Биылғы жылы "Имран Агро"ЖШС директоры Ақышев Өмірсерік Ақпарұлы @akishevomurserik атынан балаларға арналған музыкалық залды безендіруге көмек көрсетті. "Имран Агро" ЖШС біздің ұйымға бірнеше рет көмектеседі, бізді қолдайды және мұны біздің тәрбиеленушілеріміздің игілігі үшін жасайды. "Имран Агро" ЖШС сіздің игі істеріңіз үшін алғыс сөздерін білдіреміз және директор О.А. Ақышевті ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Сізге денсаулық пен өркендеу тілейміз!
15.12.2023
14 желтоқсан "Қарлығаш" кіші тобында «Тәуелсіздік елім-менің!» атты мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: Балаларға патриоттық тәрбие беру, туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.