Текст
27.05.2024
25 сәуірде "Колосок" тобында балалармен дене шынықтыру бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті. Тақырыбы: "Алдар Көсе қонақта". Мақсаты: қазақтың ұлттық ойындары туралы білімдерін кеңейту, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.
27.05.2024
24 сәуір күні "Балдырған" тобында #4 педагогикалық кеңеске "Көктем келді" атты ашық көрсетілім өтті. Мақсаты: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды, өсімдіктер мен құстарды ажырата білуге үйрету, табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
27.05.2024
23 сәуір күні "Қарлығаш" тобында #4 педагогикалық кеңеске "Біздің бақшамыз" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеттің ашық көрсетілім өтті. Мақсаты: балаларға жемістер мен көкөністер жайында білімдерін кеңейту. Қимылды ойындар арқылы сезім мүшесі мен ойлау қабілетін ұштастыра отырып, жемістер мен көкөністерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету.
27.05.2024
19 сәуір күні "Бөбек" тобында #4 педагогикалық кеңеске "Жәндіктер біздің досымыз" атты ашық көрсетілім өтті. Мақсаты: Табиғатты аялауға, жәндіктерді қорғауға, жақсылық жасауға, көмектесуге тәрбиелеу.
27.05.2024
18 сәуірде «Колосок» тобында «Табиғат және біз» тақырыбында балалардың сөйлеуін дамыту және қоршаған әлеммен танысу мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралар өткізілді. Балалар ұлттық құндылықтар орталығына, табиғат ошағына және тәжірибе орталығына тартылды. Педагогтар мен ата-аналар балалармен бірге жұмыс жасады.
27.05.2024
17 сәуірде № 4 педагогикалық кеңес бойынша, "Ручеек" тобында (сөйлеуді дамыту/көркем әдебиет) "Сөйлейтін қабырға", "Сөйлейтін еден" технологиясын қолдана отырып, "Ертегіге саяхат" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеттің ашық көрсетілімі өтті. Міндеттері: балалардың ертегілер туралы білімдерін бекіту, диалогтық және үйлесімді сөйлеуді дамыту.
27.05.2024
Сәуірдің 11 күні "Ақбота" тобында "Ғарышкерлер күніне" орай тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Сөздік қорларын байыту.
27.05.2024
12 сәуір күні "Қарлығаш" тобында "Ғажайып ғарыш" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: балаларға ғарыш әлемі, Байқоңыр ғарыш айлағы, ғарышкерлер күні туралы түсінік беру. Қазақстан ғарышкерлерінің ерлігі жайлы айта отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылықтарын арттыру.
27.05.2024
12 сәуірде "Ручеек" тобында "Ғарыш. Қазақстан Ғарышкерлері" атты тәрбие сағаты өтті. Жұмыс әр түрлі іс-шаралар арқылы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, "Ғарышкерлер күні" суреттер байқауы өткізілді, онда "Дән" бөбекжайы комиссиясының қорытындысы бойынша Хусайнов Эмир 1 орын, Савченкова Дарья -2, Ибраев Эмир -3, Бектемиров Константин және Романов Родион белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды. Қатысушы Хусайнов Эмирдың жұмысы аудандық кезеңге бағытталды, онда ол да 1 орын алды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
27.05.2024
12 сәуір күні әр түрлі жастағы "Балдырған" тобында "Ғарыш әлемі" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Ғарыш, ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын молайту. Ой-өрістерін, көріп білу қабілеттерін дамыту. Ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.