Ойын түрі: Халықтық қимыл-қозғалыс ойындары.
Тақырыбы: Айгөлек ойыны
Мақсаты: Балаларды ептілікке,шапшандыққа ұйымшылдыққа,шындыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,
Өлең шумағын жаттату,кең ашық алаңда ойнату.
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер
Күннің ғажап нұры бар,
Балғын ғажап сыры бар.
Балапандай бұл топта,
Ата-дәстүр жалғайтын
Балалардың сәні бар.
Тәрбиеші:
Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
Көктемде қандай өзгерістер болады?
Құстар қайдан ұшып келеді?
Құстар не істейді?
Үйдің төбелерінде не болады?
Жылгалардан не агады?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Жарайсындар, енді қазір мына суреттерді әңгімелейік.
Тәрбиеші: Балалар қазақтың халықтық қимыл-қозғалыс ойындарын білесіңдер ме?
Қазақтың ұлттық ойындары ата бабамыздан бізге жеткен, өткені ол бүгінгісін байланыстырған баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Ендеше балалар теледидарға назар аударайық.
1. «Тақия тастамақ»
Балалар дөңгелек болып отырады. Бір бала
жүргізуші болып тақия тастау керек, екінші бала біліп алып ойынды жалғастыру керек.
2. « Теңге алу» Екі бала жарысып теңге алу керек.
3. « Арқан тарту» Балалар тең 2 - ге бөлініп арқан тартып күш сынасады.
Жарайсындар
Енді біз сендермен Айгөлек ойынын ойнайық ол үшін екі топқа бөлінеміз ойынның шарты: Айгөлек ойыны кеңалаңда өткізіледі. Ойыншылар саны мен жасшамасына қарай екі топқа бөлінеді де, арасы 15-20 метрдей жерде қолұстасып қарама-қарсы тізбек құрып тұрады. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып, төмендегі өлеңді айтады:
Айгөлек-ауайгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Ақтерек пен көктерек,
Бізден сізге кім керек?
Бұған екінші топтың ойыншылары жауап береді.
Айгөлек-ауайгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Ақтерек пен көктерек,
Ділназ атты қыз керек,- дейді.
«Ділназ» деген сөздің орнына басқа бір баланың немесе қыздың атын қойып айта береді. Қарсы топтан шақырылған қыз не бала жүгіріп келген бойы тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті. Егер үзе алмаса, сол топта қалып қояды. Ал үзсе, өзі қалаған ойыншының бірін өз тобына алып қайтады. Ойыншылар түгел шақырылып болған соң, екі жақтың ойыншылары саналады. Қайтоптың саны көп болса, сол топ ұтқан болып есептеледі.
Қортындылау