Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дидактикалық ойындар»

16.04.2018

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Бірінші  сәбилер  «Ақбота » тобы
Тақырыбы: «Дидактикалық ойындар» 
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Сенсорика.
Мақсаты: балаларға  геометриялық фигуралар арқылы түстерді , бестестіру әдістері (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) туралы білімді бекіту;  заттар түсіне қарай  іріктеп таңдауды ; балалардың түс пен пішіні  жайлы білімдерін бекіту; қабылдауды, есте сақтауды, көрнекі-бейнелік ойлауды дамыту; балаларды әртүрлі сенсорлық сезінулермен байыта отырып, қоршаған ортада бағдарлау тәжірибесін кеңейтіп, талпынушылық пен білуге деген құмарлыққа тәрбиелеу.

             Алдын – ала жұмыс және оқу іс - әрекетіне дайындық: «Түстерді қайталау»

             Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары\

            Дидактикалық құралдар: Көбелек, гүл,  кілемше, телевизор

            Блингвистикалық компонеті:  Здравствуйте-  Hello, қызыл - красный, Көк –  синий,   Сары - желтый, Жасыл – зеленый

           І – кезең Мотвациялық қозғаушы

           Шаттық шеңбер.

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

ІІ – кезең

-Балалар казір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде қандай табиғатта өзгерістер болады?

Сиқырлы кезең, топқа көктем ханшайымы кіреді.

Көктем ханшайымы:- Сәлеметсіңдерме, балалар? Бүгін сендер сондай әдемі болып құлпырып отырсыңдар, мен сендерге  жай келгем жоқ сыйлық алып келдім, ол сыйлықты алу үшін менің тапсырмаларымды орындауларың керек.

 

1 тапсырма

«Үй жануарлары қалай дыбыстайды?»

Сиыр  - «Мө-мө»

Қой – «Бә-бә»

Әтеш – «Ку-ка-ре-ку»

Мысық- «Мяу-мяу»

-Жарайсыңдар балалар.

 

2  тапсырма

-Ал,  балалар енді, келесі тапсырманы орындайық

Д/ойын : «Кілемшені толтырайық»

Түрлі түсті геометриялық пішіндермен кілемшені толтыру.

3 тапсырма

Д/ойын« Өз гүліңді тап»
-Түрлі түсті көбелектерді , өз түсіне сәйкес гүлдерге қондыру. (Музыкамен)
Жарайсыңдар балалар!

 

Динамикалық үзіліс.

 

-Жарайсыңдар балалар!

Хормен тақпақ айту.

Ақ қанатты көбелек,
Көп қанатты көбелек,
Қызыл қанат көбелек
Біздің үйге келе кет.

Бала - бала балақан
Қане көрсет алақан
Саусақтарым айбат
Былай – былай ойнат

Топ – топ басамыз
Шапалақты қосамыз
Жаса, жаса алтын күз
Жаса, жаса жарқын күз

ІІІ - кезең
Рефлекстік түзетуші

-Балалар бүгін қандай жұмыс жасадық?
-Қандай ойындар ойнадық?
Жарайсыңдар балалар!
Мадақтау

Просмотров: 882


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст