Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық көрініс. Сюжеттік рольдік ойыны «Шаштараз»

20.04.2018

Мақсаты: Балалардың ойынға қызығушылығын арттыру, өз бетінше ойнай білу қабілетін дамыту, ойын үстінде өзін - өзі ұстай білу мәдениетіне, бір - біріне көмектесуге және жағымды қарым - қатынас жасай білуге үйрету. Ойын жағдаятын қалыптастыру.
Қажетті құралдар:  Мамандықтардың суреттері,  айна үстелімен, шаш үлгілерінің журналдары, қайшы, тарақ әр түрлі, касса, чек, ақша, тиын, әр түрлі шаш түйрегіштер, машинка, шаш кептіргіш, бейджик, иіссу, сабынсу құтылары.
Рөлдер: Екі шаштараз, үш клиент, бір кассир, тәрбиеші шаштараздың меңгерушісі ретінде.
Балалар шеңбер болып тұрады.
Тәрбиеші:- Балалар қараңдаршы бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, қане бәріміз амандасайық.
Балалар:- Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good morning!
Тәрбиеші: - Енді барлығың маған қараңдар. Қане барлығымыз қолдарымыздан ұстап жылулық шеңберін құрайық.
Бәрі бірге:
Көктем қандай көңілді,

Көктен жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.

Тәрбиеші: Балалар сендер қандай мамандықтарды білесіндер?

Балалар: дәрігер, мұғалім, аспазшы, тігінші, өрт сөндіруші, тәрбиеші, т.б.

Тәрбиеші: Дәрігер не істеді?

Балалар: Дәрігер адамдарды емдейді.

Тәрбиеші: Аспазшы не істейді?

Балалар: Тамақ пісіреді.

Тәрбиеші: Тігінші не істейді?

Балалар: Киім тігеді.

Тәрбиеші: Шаштараз не істейді?

Балалар: Шаш қияды.

Тәрбиеші: Ал енді балалар жұмбақ шешейік.

1.Аузы жоқ, көзі жоқ, 
 Тілі жоқ, сөзі жоқ, 
 Бірақ та тісі бар- 
 Шашыңмен ісі бар. 
 Бұл не?    (Тарақ) 

2.Екі басты айдаһар
 Бәрін қырып жояды.
 Екі аяқпен жер тіреп.
 Қағазды жеп қояды.
                    (қайшы)

 

3.Қарап тұрсаң өзіңе,
 Сурет түсер көзіңе.
 Ол суретің ұқсайды,

 Тура сенің өзіңе
                          (айна)

 

Тәрбиеші: Ал қазір қандай ойын ойнағыларың келеді?
Балалар: «Шаштараз» ойынын ойнаймыз.
Тәрбиеші: Балалар бұл ойынға кімдер керек?
Балалар: Шаштараз, шаш қидыруға келетін аға - апалар, кассир.
Бірінші клиент шаш қидыруға келеді. (Елхан)

Шаштараз:- Сәлеметсіз ба?
Клиент:– Сәлеметсіз ба?
Шаштараз:- Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
Клиент:- Мен аздап шашымды қысқартайын деп едім.
Шаштараз:- Келіңіз мұнда отырыңыз.
Клиент: - Менің шашым көп түсе береді, ол үшін не істеуім керек?
Шаштараз: - Мен сізге сабынсудың мына түрімен жууды ұсынар едім. Ол «Эйвон» компаниясының пайдалы сусабыны.
Клиент:- Рахмет! Мен осыны пайдаланып көрейін.
Шаштараз:- Міне мен шашыңызды қиып болдым, қалай сізге ұнады ма?
Клиент:- Ұнады рахмет!
Шаштараз:- Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент:- Сау болыңыз! Клиент кассаға келіп, қолындағы шаштараз берген қағазды береді.
Кассир:- Сәлеметсіз бе?
Клиент:– Сәлеметсіз ба?
Кассир:- Сіз 500 теңге бересіз.
Клиент:- Міне алыңыз.
Кассир:- Рахмет, сау болыңыз!
Клиент:- Сау болыңыз!
Екінші клиент шаш жұқартуға келеді. (Сафия).
Клиент:- Сәлеметсіз ба?
Кассир:– Сәлеметсіз ба?
Клиент:- Сіздер де ерлер шашын қия ма?
Кассир:- Әрине солға қарай өтіңіз.
Шаштараз:- Сәлеметсіз ба? Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
Клиент:– Сәлеметсіз ба? Мен аздап шашымды жұқартайын деп едім.
Шаштараз:- Келіңіз мұнда отырыңыз. Машинканың қай өлшемімен жұқартайын?
Клиент:- Мен үнемі төртпен жұқартатын едім.
Шаштараз:- Жарайды. Міне мен де болып қалдым, қалай сізге ұнады ма?
Клиент: Әрине ұнады. Рахмет!
Шаштараз:- Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент:- Сау болыңыз!
Клиент кассаға келіп, қолындағы шаштараз берген қағазды береді.
Клиент:– Мынаны алыңыз.
Кассир:- Сіз 300 теңге бересіз.
Клиент:- Міне алыңыз.
Кассир:- Міне артық ақшаңыз. Сау болыңыз!
Клиент:- Сау болыңыз!
Үшінші клиент шаш сәндеуге келеді. (Арнұр)
Шаштараз:- Сәлеметсіз ба? Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
Клиент:– Сәлеметсіз ба? Мен шашымды сәндейін деп келдім, мына көйлегіме қандай шаш үлгісі жарасады деп ойлайсыз?
Шаштараз:- Жүріңіз мына жерде шаш үлгілерінің журналдары бар, мүмкін соны қарап көрерсіз?
Клиент:- Мен мынадай етіп сәндегім келеді.
Шаштараз:- Жарайды, жүріңіз, отырыңыз.
Клиент:- Бүгін менің туған күнім, соған дайындалып жатырмын.
Шаштараз:- А солай ма, туған күніңіз құтты болсын.
Клиент:- Рахмет! Бүгін мен ерекше әдемі болуым керек.
Шаштараз:- Әрине мен сіздің шашыңызды өте әдемі етіп сәндеп беремін.
Клиент:- Олай болса жақсы болар еді.
Шаштараз:- Міне мен болып қалдым, қалай сізге ұнады ма?
Клиент:- Рахмет! Маған өте қатты ұнап тұр.
Шаштараз:- Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент:- Сау болыңыз!
Клиент кассаға келеді.
Кассир:- Сәлеметсіз ба?
Клиент:– Сәлеметсіз ба? Мынаны алыңыз.
Кассир:- Сіз 800 теңге бересіз.
Клиент:- Міне алыңыз.
Кассир:- Міне артық ақшаңыз. сау болыңыз!
Клиент:- Сау болыңыз!

Тәрбиеші: Біз қандай сюжеттік рольдік ойын ойнадық?

Балалар: Шаштараз.

Тәрбиеші: Шаштараз мамандығы не үшін керек?

Балалар: Шаш қию, адамдар әдемі болу үшін, әр түрлі шаш үлгісін жасау.

Тәрбиеші: Ойын ұнады ма?

Балалар: Ұнады.

Тәрбиеші: Ал қазір қонақтармен қоштасайық.

Балалар: Сау болындар! Досвидание! Good bye!

Просмотров: 5125


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст