Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ана – аса қымбатты жан

23.03.2018

«Ана – аса қымбатты жан»

«Ақбота» 1- ші сәбилер тобы

Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді  тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Ақбота» тобының бүлдіршіндерінің «Ана - аса қымбат жан!» атты  ертеңгілігіне қош келдіңіздер! 

Ведущая: Дорогие милые женщины. Поздравляем вас с первым весенним праздником – Днем 8 Марта! Желаем вам быть здоровыми, счастливыми и любимыми! А сейчас, встречайте аплодисментами наших маленьких артистов!

Би: «Сердечко»

Балабақша меңгерушісінің құттықтау сөзі.

Ән: «Айналайын  мама» 

Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Тақпақтар

Тәрбиеші: -Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады. 

-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді. (әсем әуенмен залға «Кәмпит –Ханшайым» кіреді) 

-Кәмпит-Ханшайым: (кіріп билейді)

Мен тәттімін, 

Балалардың сүйікті дәмімін,

Мерекенің сәнімін,

Дастарханның әрімін.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайыммын»

Балалар сендер  өте өнерлі балалар екенсіңдер. Мен сендермен бірге бүгінгі мерекені тойлағым келеді. Мен құр келгем жоқ сендерге қызықты ойындар әкелдім.

Тәрбиеші: -Расында да, бізге тәтті «Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік, бірге ойын ойнайық 

Ойын: «Кәмпит тасу»

Ойын жарыс түрінде өтеді. Екі бала шығып жарысады. Үстел үстіндегі кәмпитті жылдам себетке жинау.

Кәмпит Ханшайым:

-Өте тамаша  сондай жылдам екенсіңдер.

Тәрбиеші:

Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Ойын: «Бокс қолғабы»

Ойын шарты:Екі қатысушы қолдарына бокс қолғабын киіп кәмпиттің сыртын ашып, қарсы бетте тұрған баласының  басына  шапкісін кигізу керек.

Ән: «Кел, билейік»

Ойын: «Нарядная мама».

Тәрбиеші:

Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап 
Ауырмашы анашым!

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

Кәмпит-Ханшайым: -Балалар, сендер бүгін  менімен өте жақсы ойнадыңдар. . Сендерге көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы сыйлықтарды  кабыл алыңдар.. Мен енді сендермен қоштасайын, басқа да балабақшада мерекелер болып жатыр соған барайын. (Кәмпит-Ханшайым балалармен қоштасып шығып кетеді.

Тәрбиеші: 

Аналар, қалқып бақыт аралында, 
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық 

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! 

Ведущая: Вот и подошёл к концу наш праздничный утренник. Мы с ребятами ещё раз от всей души поздравляем всех мам, бабушек и девочек с прекрасным весенним праздником и хочется пожелать вам:

В это день 8 Марта мы желаю Вам добра,

И цветов охапку,

И весеннего тепла.

Много радости, здоровья,

Быть красивыми всегда,

Чтоб счастливая улыбка

Не сходила бы с лица! (дети дарят подарки мамам).

Просмотров: 495


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст