Тәрбиеші:
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар.
Аналардан
туған не бір даналар.
Ана деген
тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,
қасиетті аналар!
Сәлеметсіздер
ме, құрметті қонақтар! Қымбатты да сүйікті аналар, әжелер. Бүгін көктемнің
алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
Сіздерді мерекелік ертеңгілігімізге тамашалауға қош келдіңіздер.
Балалар, сендер білесіңдер ме бүгін қандай мереке екенін?
Балалар: Аналар мерекесі.
Барлық балалар хормен:
Құттықтаймыз анашым, 8 – ші Наурызбен!
Тәрбиеші: Той
пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
« Айналайын мама» - атты әнімізді қабыл
алыңыздар.
Тәрбиеші: « Ананың
әрбір сөзі жылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді» - демекші,
балаларымыздың аналарына тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Сафия: Анам болса
қасымда,
Басқа
бақыт не керек.
Анашымның жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Темірлан: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мейраммен
Құрметті аналар!
Азат: Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі
сөз баланың,
Анаға
айтар лебізі.
Жұлдыз: Біз үшін
күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!
Аяла: Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан
шашу арнаймыз.
Амир: Көктем
келді жадырап
Күн
нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар!
Тәрбиеші: Аналар ақ
тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар
жүрегіңді көз көп дейін
Аналар
ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол
соғып қарсы алайық. « Испан биін»
Тәрбиеші: Балалар
туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады.
Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балаларда, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз
дастарханның сәні кірмейді.
Әсем әуенмен залға
« Кәмпит – Ханшайым» кіреді.
Кәмпит – Ханшайым: кіріп
билейді
Мен тәттімін,
Балалардың сүйікті дәмімін,
Мерекенің сәнімен,
Дастарханның әрімін.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені
таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайыммын»
Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді,
үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін менің мына ыдыстағы үлкен кәмпиттер
бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ
қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды
үлестіремін. ( бір балаға ыдыстығы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала орындайды)
Тәрбиеші: -Расында да, бізге тәтті
«Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе
тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларды орындайық.
1-ші кәмпиттегі тапсырма: « Сұлу анам» ойыны
Ойын жарыс түрінде өтеді. Ұлдарымыздың
аналары ортаға шығып сайысқа түседі.
2- ші кәмпиттегі тапсырма: « Кәмпит
тасу» ойыны
Біздің балаларымыздың орындауында «
Ай дидарды анашым» - әнін қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: « Кәмпит- Ханшайым» енді сіз біздің
балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.
Адель: Апатайм анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.
Іңкәр: Анам менің анашым,
Сені жақсы көремін,
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.
Ердаулет: Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір- бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Санжар: Баланың да тірегі
Дананың да тілегі.
Ауырмасын ешқашан,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Т. Аяжан: Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын.
А. Аяжан: Бізді өсірген анашым
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын Анашым
Құтты болсын мерекең!
Нұрасыл: Жанымызды жайнатқан
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
4- тапсырма: « Кір жаю» ойыны.
Балалар сендердің аналарың киім жуып,
киімдерді жайып, таза ұстайды. Ендеше бізде киімді жуып, тез жаю керек.
5 – ші кәмпиттегі тапсырма: Би: « Вальс»
Әдемі биден кейін балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық.
Айлин: Жүзімізге қараңыз
Бал
күлкілі баламыз
Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат аналар!
Самира: Ана біздің күніміз
Ананың біз
гүліміз
Балаларды
қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Арнұр: Мені жақсы
көреді
Күндей күліп жүреді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Дидар: Ана біздің
күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды,
Біздің ана тіліміз.
Айбар: Менің әжем
мейірбе,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі
Айсана: Мәпелеп
мені өсірген
Ризамын мен өзіңе
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
Дилара: Ақ қабақты
анашым,
Күн сәулелі анашым,
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Әліхан: Анамды мен
жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.
Кәмпит-Ханшайым: -Балалар, сендер бүгін
менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет
айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді
мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген
әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен
қоштасайын, басқа да балабақшада мерекелер болып жатыр соған барайын. (Кәмпит-Ханшайым
балалармен қоштасып шығып кетеді)
Тәрбиеші: Біздің балалардың орындауында « Флешмоб» биін
қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар,
қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға
қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге
әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі
дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып
бүгінгі «Асыл ана – асыл дана » атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты
болсын! Сау саламатта болыңыздар!
Балалар
хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға ...