Жүргізуші:
Армысыздар патша көңіл көрермендер ата-аналар,әріптестер «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер.
Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Күз дегеніміз - жазық даланың дархан дастарханы.
Күз дегеніміз - байлық, молшылық, достық және татулық.
-Бойға жиып ата - баба салтын біз,
Мерекеде шат көңілді жарқынбыз
Берекесін, молшылығын әкелген,
Мезгілдердің төресі ғой Алтын күз - деп бүгінгі берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын
-Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі бал» дын – кешіне Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз. Ғажайып сәт: Әуенмен залға күз келеді.
Саламатсыдар ма балалар,саламатсыздар ма қонақтар.Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймын.
Балалар күз бізге өз өнерімен келіпті.Қандай өнер көрсетеді екен? 1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе жыладық. (Пияз)
3. Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да
Айналар нанға да.(Бидай)
4. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
5. Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар. (Мақта)
Хор: «Күз келді»
Минниса Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Мирас Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Мөлдір Жеміс - жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
Дастан Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Нұрғали Қарашы күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Жүргізуші:
Балалар аман болсын әр үйдегі
Таусылмасын ананың әлдилері
«Қолшатыр» биін билейді томпаң қағып
«Балдырған» тобының сәбилері
«Қолшатыр» биін қарсы алайық
Медина Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Малика Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау
Ғ.Нұрислам Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.
Әділ Қуандырып біздерді
Өлкеізге күз келді
Кел жемісті алтын күз,
Кемелдеисін халқымыз.
Асанәлі Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
І жүргізуші: Қуанышқа бөленген әр күніміз
Бақыттымыз балалар барлығымыз
Ән шырқайық көтеріп көңілдерді
Балабақшам әніне кезек беріп Ән: «Балабақшам». Орындайтындар: Нұғыман Д және Абуова Айя
Алдияр Күзгі шақта
Біздің бақта
Түрлі-түсті
Көкөніс пісті
Т.Нұрислам Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Шұғыла Жапырақ ұшты
Суықтан түсті
Сондада бізге
Қызық көп күзде
Аяла Күзгі шақта
Біздің бақта
Түрлі-түсті
Жеміс пісті
Айя Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқыни күз
Сайрандаған күліп-ойнап
Келді міне алтын күз!
Жүргізуші: Күніндегі гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық нық басып
әндерімен көрерменді тәнті ететін
әншілер келді мені толқып, тасып
Балдырған:тобының бүлдіршіндерін «кап-кап» әнімен қарсы алайықКелесі кезекте Хор: «Кап-кап»
Жұлдыз .Мен шиемің, шиемін
Күннің көзіне
Басымды иемің
Зере. Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін
Нұрасыл. Алма, алма көп алма
Сары қызыл көк алма
Теріп-теріп алайық
Атамызға береиік
Арсен . Күзгі шақта
Біздің бақта
Түрлі-түсті
Жеміс пісті
Ділназ.Қарашы күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Жүргізуші: Теңіздей тербетіле көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.
Би: Ұлдар мен қыздар оқымыстылар биі Ойын: «Кім жылдам?»
Жүргізуші:Балалар, күз ханшаймының сиқырлы орамалы бар, солмен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме? Ойын: «Сиқырлы орамал» Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр етіп айналып, Теріс қарап отырайық. Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды. Ал балалар енді бұрылып қарайық. Күз: Орамалды ашайық,
Астында не, қарайық?
Бұл не?
Себет қой!
Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.
Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.
Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер Ендеше мені басқа балалар тосып отыр ,Сау болыңдарбалалар!,Келгенше жыл айналып.
(Күз кетеді
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып.