Білім беру саласы: шығармашылық саласы;
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: музыка
Тақырыбы: Музыка әлеміне саяхат!
Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген
қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау
арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне
қарай ажырата білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Тақырып жазылған шарлар, музыкалық аспаптар,
аспаптардың суреттері, ноталардың суреттері, музыка әлеміне саяхатқа баратын
ноталардың суреттері салынған пойыз, ж. т. б.
Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық қозғаушы күш.
Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шығып шеңбер
жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады және әуенге (басқа көңілді
әуен қосылады) әртүрлі қимылдар жасап билеп алады. ( балалардың сабаққа деген
қызығушылығын арттыру мақсатында ) «Шаттық» шеңбері:
Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар.
Отбасым мыналар;
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін, еремін!
Ән салуға барамыз, (шеңбер бойымен жүреді)
Досымызды табамыз. ( тоқтайды)
Сәлемет пе! Міне, мен! ( қолдарын екі жаққа сермейді)
Доспын енді сенімен. (көршілерімен қол алысады)
Музыка жетекшісі: - Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?
Балалар: - Музыка сабағына.
Музыка жетекшісі: - Музыка сабағында біз не үйренеміз?
Балалар: - Ән айтуды, би билеуді үйренеміз.
Музыка жетекшісі: - Жарайсыңдар!
ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең.
Музыка жетекшісі: Балалар, айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен
бізге не керек еді сендер онымен таныссыңдар?
Балалар: Ноталар керек.
Музыка жетекшісі: Ия, дұрыс айтасыңдар! олай болса балалар ноталардың
атын айтып көрейікші, қане:
ДО,РЕ,МИ,ФА,СОЛЬ.........
Балалар ноталарды жазылған нотаның үстіне апарып жабыстарды.
Музыка жетекшісі: Ендеше, балалар бәріміз бірге айтып көрейікші:
бәрі бірге: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.
Балалар, бізде барлық нота толық болдыма?
Балалар: Жоооқ, бір нота түсіп қалған.
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар! Соль және си ноталары түсіп қалыпты,
қәне соль, си ноталарын тауып апарып үстіне жабыстырайық. Қәнекей, енді
өзіміз нота боламыз (балалар бастарына ноталар салынған маскалар киеді) дауыс шымылдығын ашамыз
·
Гул иіскейміз 3 рет
·
Бөлмені жылытамыз 3 рет
·
1 ден10 ға дейін санаймыз
Музыка жетекшісі: Балалар , ноталардың алдында не тұруы керек?
Балалар: Скрипка кілті тұруы керек.
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар, мінекей скрипка кілті де өз
орнына келді.
Музыка жетекшісі: Жақсы балалар, ендеше ноталарымызды жабыстарған
пойызға мініп музыка әлеміне саяхатқа шығайық. Бұл саяхаттың қызығы біз ән
мен не бимен жүруіміз керек балалар орында отырып би билейді **бірінші аялдамаға**келіп тоқтайды. (Аялдамада хат жатады)
ІІІ. Негізгі бөлім. Музыка жетекшісі: Балалар қараңдаршы мына жерде
хат бар екен, оқып қарайықшы (Музыка жетекшісі хатты оқиды.)
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен, музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің
әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдамада 3 түрлі тапсырмаларым бар. Бірінші
тапсырмам: мына күйтабақтағы әуенді тыңдаң да оның сөзімен қосып айтып
беріңіздерші;- депті. (Балабақшада әні)
Музыка жетекшісі: жарайсыңдар, балалар дұрыс, жақсы айттыңдар. Ендеше
тағы да пойызға отырайық, ұрмалы аспаттармен ойнаймыз (музыка ойнап тұрады.) **екінші аялдамаға** келеді.
Бұл жерде қандай тапсырма бар екенін хаттан оқып білейік:
Музыка тыңдау: Балалар сол күйтабақтағы музыкаларды тыңдап оның
мінездерін ажыратып беріңдер; - депті. Тыңдап қараймыз ба балалар? Балалар: -
ия, қане онда біріншісі (көңілді әуен), екіншісі (көңілсіз әуен ) балалар
әуендерді дұрыс ажыратады.
Музыка жетекшісі: Балалар, дұрыс айтасыңдар!, ендеше балалар осы
көңілді бір музыкаға біздің балалар билеп бермекші, қараймыз ба? - ия, жарайсыңдар балалар! (Көңілді әуенге билеп береді, бәрі қол соғып көңілденеді )
Музыка жетекшісі:
Балалар, осындай тамаша көңіл - күймен соңғы аялдамаға жетейік,
Ханшайымның тапсырмасын шешейік.
(музыка ойнап тұрады, үшінші аялдамаға келіп жетеді)
Үшінші аялдама: Бұл аялдамада қандай тапсырма бар екен хатты оқып
көрейік: Балалар, бұл аялдамада бір қорапша бар, қорапшаның ішінде заттар бар,
сол заттарға байланысты сұрақтарға жауап берсеңдер мен сендердің жандарыңнан табыламын; - деген. Балалар бәріміз қорапшаны іздеп көрейік (іздейді)
Мінекей, таптым апай;- деп, бір бала тауып алып келеді, ішін ашып
сұрақтарды оқиды:
- Мынау қандай аспап? (сыбызғы)
- сыбызғы қалай шертіледі? (Үрлеп)
Музыка жетекшісі сыбызғыны үрлеп шертіп көрсетіп береді.
- Ол қандай топқа кіреді? (Үрмелі)
- Мынау қандай аспап? (сылдырмақ)
Музыка жетекшісі сылдырмақ шертіп көрсетіп береді
- Қай топқа жатады? (ұрмалы)
- Мынау қандай аспап? (патшаның аспабы)
Музыка жетекшісі аспата ойнап көрсетіп береді. Балалар да қызығып
ұстап, шертіп көреді.
Аспаптардың аттарын балалар тәрбиешімен бірге дұрыс табады. Тәрбиеші
оларға аспаптарды таныстырып, айтып өтеді. Балалар, тағы қарап көрейік
басқа тапсырма барма екен.
(Осы уақытта залға Ханшайым кіріп келеді балаларға қарап)
Ханшайым: Сәлем, достар! Жарайсыңдар! Менің тапсырмаларымды өте жақсы
орындадыңдар.
- Сол үшін мен сендерге әдейі дайындап келген сыйлығымды беремін
(музыка жетекшісіне нотаның суреті бар қорапша береді)
Мына қорапшада менің балаларға арнаған сыйлықтарым бар, оны
балабақшаңызға барғаннан соң беріңіз, сау болыңыздар, балалар, менің әлеміме
келіп тұрыңыздар! ( шығып кетеді.)
Музыка жетекшісі: Ноталар, яғни балалар: Біздің де балабақшаға
қайтатын уақытымыз болып қалды. Мінекей пойыз да келді, қанекей кеттік. (музыка
ойнап тұрады, залды бір айланып шығады)
ІV. Қорытынды.
Музыка жетекшісі: Пойыздан түсіп, міне, балабақшаға келдік, балалар
біз бүгін қайда бардық? (қайда барғанын, не көргендері туралы әңгімелеседі.)
ендеше, музыка әлемі Ханшайымының берген қорапшасын ашып көрейік. (балаларға
арналған сыйлықтарын бөлістіреді)
Балалар: Біз музыка әлемінде ән айтып, биледік және әртүрлі саз
аспаптарымен таныстық. Музыка әлемі Ханшайымының сұрақтарына жауап беріп онымен
жүздестік.
Музыка жетекшісі: - Дұрыс айтасыңдар, тапсырмалар орындадық. Балалар,
ендеше бәріміз бірге «Балабақшада!» әнін тағыда орындайықшы.
Керемет ал енді сапқа
тұрамыз,сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма?
Ендеше бір бірімізге қол
соғайық,сапқа тұрайық, сау болыңдар балалар келесі кездескеше.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар ноталардың
аттарын атай біледі;
Игереді: Музыканың мінезін
ажырата біледі, аспаптармен танысты;
Меңгереді: Балалардың музыка
мәдениетіне деген көз - қарастарын қалыптастырады.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Музыка әлеміне
саяхат, музыка пәнінен ойын сабақ