Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақшадағы СӨС байланысты педагогикалық кеңес

16.02.2017

Балабақшадағы СӨС

байланысты педагогикалық кеңес

Біздің елімізде

бала тәрбиесіне, дені сау, сымбатты әрі келбетті, сұлу болып өсуіне аса зор

көңіл бөлінді. Өйткені, бала біздің болашағымыз. Өміріміздің ең қымбат

қазынасы, табиғи жалғасы мұрагеріміз, яғни қоғамымыздың ең қымбат қазынасы

адам.

Баланың өз

денсаулығына қарым-қатынасын қалыптастыруда балабақшада дене шынықтыру сияқты

арнаулы пәндердің орны ерекше, сонымен қатар белгілі бір пәндер көлемінде

шектелмей барлық пәндердің мүмкіндіктерін пайдаланған жөн. 

«Дән»

балабақшасында «Балалардың

салауатты өмір салтын интеграция арқылы мектепке дейінгі мекемеде барлық

түрлердің іс-әрекетімен қалыптасады» атты тақырыбына

байланысты педагогикалық кеңес өтті. Бұл кеңесте ашық көрсетілімдер, яғни 1-сәбилер

топтары, 2-сәбилер топтары, ортаңғы топтағы балалармен музыка және дене

шынықтыру пәндері арқылы салауатты өмір салтына байланысты спорттық ойын-сауық

іс-шаралары өткізілді, және тәрбиешілер педагогикалық кеңесте өзінің жұмыс

тәжірибесінде қолданатын әдіс-тәсілдерді баяндамаларда оқып және слайдтарда

көрсетіп, қорғады. Педагогикалық кеңестің аяғында қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Абдыгалиева А.С. және әдіскер Смаилова Қ.Е. екеуі тәрбиешілермен бірге іскерлік

ойын ойнады. Тәрбиешілер баланың денсаулығын саутауға байланысты сұрақтарға

жауап беріп, мақал-мәтелдердің жалғасын айтып, әріптерден сөздерді ойластырып

ойнады. Тәрбиешілерге үй тапсырмасы берілген еді, ол саусақ гимнастикасы, дем

алу жаттығулары, ұйқыдан кейінгі жаттығулары, сөйлеу мүшелерінің әрекеттері,

сергіту сәттеріне байланысты картотекаларын жасап көрсетті. Бұл педагогикалық

кеңесте педагогика қызметкерлерінің барлығы белсене қатысты.

Баланың денсаулығын балабақшада ғана емес, отбасында да

сақтауы керек. Сонымен баланың дене күші мен рухани

күшін бірлікте дамытуға бағытталған тәрбие ғана өмірмен, еңбекпен ұштасуын

қамтиды.

        Денсаулықты

сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы-зиянды жатқылықтарға үйренбеу, салауатты өмір

сүру, аурудың айықпас сырқатқа айналуына жол бермеу. 

        Адамзат

өмірге келген соң қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын

өмір сүруі қажет. Ал денсаулықты сақтау өз қолымызда. 

«Денсаулық-зор байлық»-деген мақал тегін

айтылмаса керек. Денсаулық болса бәрі болады. 

        Денсаулық-бірдің

емес, мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Сондықтан өмір салтын

дұрыс бағытқа өзгертіп, денсаулық мәдениетін көтеруге әркімнің өзі ынталы

болғаны жөн. 

 

«Дән» балабақшасының

қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Абдыгалиева А.С.

Просмотров: 323


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст