«Құтты болсын, Наурыз!»
Жүргізуші: - Армысыздар әріптестер, қонақтар, бүлдіршіндер! Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді, ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! «Дән» балабақшасының бүлдіршіндері дайындаған «Құтты болсын әз Наурыз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Ұлыстың ұлы кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен,
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдеп,
Көк шөбі шығып желкілдеп
Дүние біткен күлімдеп,
Ұлыстың күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Ведущий: - Здравствуйте дорогие гости, дети! Сегодня мы собрались в этом зале встретить весну. На нашу казахстанскую землю пришел весенний праздник
Наурыз. И у нас сегодня будет много веселья, радости, песен и танцев.
Жүргізуші: Құттықтау сөз кезегін «Дән» балабақшасының меңгерушісі Садырова Нүргүл Жәнібекқызына беріледі.
Ән: ҚР Әнұраны.
Жүргізуші:
Бүгінгі наурыз тойда,
Тамашалайық өнерді.
Ұлдарымыз бен қыздарымыз,
Ортаға шығып би билейді.
Би: «Қазақ биі».
Жүргізуші:
«Бүгіндей наурыз тойда,
Тамашалайық өнерді» - деп «Ақбота» І-сәбилер тобының дайындаған «Бесікке салу» салт-дәстүрін тамашалайық.
«Ақбота» І-сәбилер тобы «Бесікке салу» салт-дәстүрін көрсетеді.
Ведущий: Предлагаем вам игру,
Позабавить детвору. 2-младшая группа «Ручеек» покажет вам игру «Аркан тартыс».
2-младшая группа «Ручеек» покажет игру «Аркан тартыс».
Жүргізуші: «Қанша бала, қанша қыз,
Бір шоқ гүлміз баршамыз» - деп тақпақтарымызды қабыл алыңыздар.
Назым:
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын.
Бір-бірімен мынау жұрт,
Көрімдігін асырсын.
Аяжан:
Под звуки дробные капели
И под салют холодных брызг
Идет на жаворонка трели
Восточный праздник Наурыз!
Ескен:
Осыншама жақсылық,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Даша Мазепа:
Наурыз – просыпается степь.
Наурыз – оживает природа!
Наурыз – дай нам всем
Урожайного года!
Айару:
Наурыз – гүл көктем,
Сәнді ай арайлы,
Күлімдеп күн көктен,
Нұр шашып қарайды.
Жүргізуші: - Біздің биші ұлдарымызды қарсы алайық.
Би: «Қара жорға» биі. «Колосок» тобы.
Жүргізуші: - Ортаға 2-сәбилер «Балдырған» тобын шақырамыз. Олар бізге «Тұсау кесу» салт-дәстүрін көрсетеді.
2-сәбилер «Балдырған» тобы «Тұсау кесу» салт-дәстүрін көрсетеді.
Қуанышпен бәріміз қол соғып, балалардың тақпақтарын тыңдалық.
Жүргізуші: - Қазір қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қуу» ойының «Бөбек» сауықтандыру тобы көрсетеді, тамашалаңыздар.
Ойын: «Қыз қуу».
«Бөбек» сауықтандыру тобы «Қыз қуу» ойының көрсетеді.
Жүргізуші:
Наурыз күні құр тұрмайық,
Шаттанайық, қуанайық
Ұлттық ойын ойнайық, - «Қарлығаш» тобы бізге қазақтың ұлттық асық ойының дайындап келді.
Ойын: «Асықпен ойын».
Ведущая: А сейчас на сцену приглашаем группу «Колосок». Они вам покажут одну из традиции казахского народа «Кыркынан шыгару».
Группа «Колосок» покажет традицию «Кыркынан шыгару».
Жүргізуші: - Қуанышпен бәріміз қол соғып, балалардың тақпақтарын тыңдалық.
Нұрлыхан:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Даша Т.:
Нынче праздник у ребят,
Голоса кругом звенят,
И танцует, и поет
В этот праздник весь народ!
Сания:
Бусанып жерім бай,
Төсінде қалқыр ән.
Наурыз – көңілді ай,
Шаттығы шалқыған.
Коля:
Кружит теплый ветер
Над моей землей,
Входит светлый праздник
В город наш родной.
Дильдара:
Ойнаймыз шаттана,
Ішеміз күнде айран.
Балаға, қартқа да,
Ортақ қой бұл мейрам.
Мұхамед:
Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді жыл басы.
Шуақ төкті жарық күн,
Мейрамында халықтың.
Жүргізуші: «Біз шырқаған шаттық ән,
Кетеді алыс тым алыс» - деп наурыз тойына арналған әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән: «Қарлығаш» тобы ән орындайды.
Жүргізуші:
«Жауып, жауып,
Жер бетіне көк толсын,
Даламызға, елімізге,
Бұл жаңа жыл құт болсын» - деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!
Ведущий: - Новый год всегда хочется начинать с чистой страницы. Желаем Вам, чтобы в нем было по-другому: светло и свежо. Желаю радости и счастья! До свидания.