Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақшадағы мереке

31.03.2017

Балабақшадағы мереке

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен, ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.

Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі. Наурыз туралы көптен бері, жыл сайын газеттерде жазылып келеді. Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан йесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын.

«Дән» балабақшасында 22 Наурыз мереке қарсаңына байланысты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл мерекеде барлық топтар қатысты. Жеребе тасталып, әр топта тапсырмалар, яғни қазақ халқының бір салт-дәстүрін және қазақтың ұлттық ойындары болды. «Ақбота» 1-сәбилер тобы қазақтың салт-дәстүрі «Бесікке салуды» түсіндірді де көрсетті, «Балдырған» 2-сәбилер тобы «Қырқынан шығару» салт-дәстүрін түсіндірді де көрсетті, «Ручеек» 2-сәбилер тобы қазақтың ұлттық «Арқан тарту» ойының балалармен ойнап көрсетті, «Қарлығаш» ортаңғы тобы «Асық» ойының балалармен ойнап көрсетті, «Колосок» ортаңғы тобы «Қырқынан шығару» салт-дәстүрін түсіндірді де көрсетті, «Бөбек» сауықтандыру тобы «Қыз қуу» ойының балалармен бірге ойнады. Ертеңгілікте ортаңғы топтағы балалар наурыз туралы тақпақтарын айтты, «Қара жорға» биін биледі, ән айтты. Балаларды кіші жастан бастап қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен және ойындарымен таныстырдық. Осы жастан бастап балалар қызыға тани бастайды.

Наурыз мейрамы құтты болсын молшылық, береке болсын, ұлыс оң болсын ақ көп болсын. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын, халайық!


«Дән» балабақшасының

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

А.С.Абдыгалиева

Просмотров: 319


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст