Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік тірегі - тіл 2017ж

24.09.2017

Тәуелсіздік тірегі – тіл.

Залдың іші шарлармен,

әртүрлі ұлт өкілдерінің суреттерімен, гүлдермен, жазумен, ою-өрнекпен

безендірілген.

Жүргізуші: -

Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне

байланысты өткізгелі отырған «Дән» балабақшасының әр тобының мерекелік

ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз «Н. Ә. Назарбаевтың 22

қыркүйек Тіл мерекесі күні» болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге

жиналып отырсыздар. Яғни 1997 жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның

Тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының

негізі бекітілген. Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір

сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай,

ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.

Сондықтан біз де бүгін тілдер мерекесіне арнап «

Тәуелсіздік тірегі- тіл» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі,

құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы -

әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.

Тәуелсіздік тірегінің бірі –

тіл. Тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың

шежірсі. Былайғы жерде егемендігіміз баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс

тілесек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек.

Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да,

құрметтей де білуге міндетті.

Балалар құтты болсың тілің

бүгін,

Ашатын жан сарайын

білімдерінің.

Кешегі анаң айтқан, бабаң

айтқан,

Тіліне зер салындар

бұрынғының.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң

қылып,

Ана тілің білмеу қандай

заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң

тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек

мәңгілік.

 

Ведущая:  Здравствуйте, дорогие ребята, гости! Сегодня

у нас болшой праздник – День языков народов, проживающие в Республике

Казахстан! Мы поздравляем всех присутствующих с праздником, желаем счастья и

здоровья! Наш праздник мы начнем с исполнения гимна Республики Казахстан.

 

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

 

Жүргізуші: - Ал, қазір құттықтау сөзді «Дән» балабақшасының

меңгерушісі Исмайлова Адемі Хамитбекқызына беріледі.

 

Жүргізуші: - Ортаға «Ақ бота» тобының бүлдіршіндері қазақ халқының

өнерлерін көрсетеді, қошеметтеп ортаға шақырайық.

«Ақ бота» тобы.

«Ақ бота» тобы қазақ халқының ұлттық биін

билейді.

Тәрбиешілер ұлттық тағамымен таныстырады.

 

Жүргізуші: - Бізге қонаққа өзбек халқының ұлт өкілдері өз өнерлерін

алып келді. Қошеметтеп ортаға шақырайық.

«Балдырған» тобы.

Тәрбиешілер өзбек халқының ұлттық тағамымен таныстырады.

 

Ведущая: -Сегодня у нас на празднике гости с Украины. Давайте их встретим громкими

апладисментами!

«Ручеек» тобы.

Воспитатели показывают и рассказывают украинское

национальное блюдо.

Танец: национальный украинский.

           

          Би: «Сюрприз».

 

Жүргізуші: - Бізге қонаққа неміс халқының ұлт өкілдері өз өнерлерін

алып келді. Қошеметтеп ортаға шақырайық.

«Бөбек» тобы.

Тәрбиешілер неміс халқының ұлттық тағамымен таныстырады.

Би: ұлттық неміс халқының биі.

         

         Жүргізуші: «Колосок» тобының бүлдіршіндері бізге тілдер

туралы жаттап келген тақпақтарын айтады. Қошеметтеп ортаға шақырамыз.

София

Родной  язык!

Он  с  детства  мне  знаком,

На   нем  впервые  я  сказала  «мама»,

И  каждый  вздох  понятен  мне  на  нём.

Данила

Родной  язык!

Он  дорог мне,  он  мой,

На  нем  ветра  в  предгорьях  наших  свищут,

На  нем   впервые  довелось  услышать

Мне  лепет  птиц  зеленою  весной.

Дильназ

Я люблю свой

родной язык!

Он понятен для всех,

Он певуч,

Он, как наш народ, многолик,

Как держава наша, могуч.

Санжар

Язык наш прекрасный –

Богатый и звучный,

То мощный и страстный,

То нежно-певучий.

Інжу

В нем есть и усмешка,

И мягкость, и ласка.

Написаны им

И рассказы, и сказки.

Егор

Страницы волшебных,

Волнующих книг!

Люби и храни

Наш великий язык!

Амина

Ана тілім-тірегім

Ана тілім – жүрегім.

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін.

Нұрлыхан

Много языков на свете разных-

Выучить их все не смог бы я,

Все они по-своему прекрасны,

В каждом есть изюминка своя.

Ирина

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышы елімнің.

 

Жүргізуші: - Бізге қонаққа орыс халқының ұлт өкілдері өз өнерлерін

алып келді. Қошеметтеп ортаға шақырайық.

«Қарлығаш» тобы.

Тәрбиешілер орыс халқының ұлттық тағамымен таныстырады.

Орыс биі.

 

Жүргізуші: - «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері тілдер туралы жаттап

келген тақпақтарын айтады. Қошеметтеп ортаға шақырамыз.

Жұлдыз

Сүйемін туған тілім – анам тілім,

Бесікте жатқанымда –ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін

Темірлан

Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желікбас

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас

Азат

Ана

тілім – анам,

Аппақ қардай арым

Мұра еткен бабам

Жарқыраған жаным.

Самира

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Сафия

Тілім

барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді

бүгінгі

Ана тілім сақтаған

 

Ведущая: - Сегодня у нас на празднике гости из Ингушети. Давайте их встретим

громкими апладисментами!

Группа «Колосок».

Воспитатели показывают и рассказывают ингушское

национальное блюдо.

Ингушский национальный танец.

 

Жүргізуші:

Тілмен ғана қызық менің тірлігім,

Тату еткен ел мен елдің бірлігін.

Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,

Туған тілде алып жүрміз біз білім.

Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау,

Туған тілді қорғап бақшы қазақ-ау.

Сарқылмайтын қуатпенен күш берген,

Туған тілдің қасиеті ғажап-ау!

Осымен құрметті қонақтар, балалар, бүгінгі

тіл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Барлықтарымыз әр тілде

сөйлесек те, өзіміздің Қазақстан Республикамызды мақтан етіп, жақсы көреміз.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет! Сау болыңыздар!

                                           

Ведущая: Вот и подошел к концу наш праздник, спасибо всем детям и гостям. И пусть мы

все говорим на разных языках, но все мы любим и гордимся нашей родиной –

Республикой Казахстан! До свидания!

Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст