Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жан-жануарлардың дауласқаны (ертегі) Тілдер мерекесінің онкүндігінің жабылуы

01.10.2017

Тілдер мерекесінің онкүндігінің жабылуы.

Залдың іші шарлармен, ағаштармен безендірілген. Балалар

өз орындықтарында отырады.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер

ме, балалар, келген қонақтар! Здравствуйте дети и гости! Бүгінгі өткізетін

іс-шарамыз тілдер мерекесінің онкүндігінің жабылуына арналған. Сегодняшное наше

мероприятие посвященно о закрытии к декаде дню языков. Сіздерге арнап, біздің

тәрбиешілеріміз ертегі көрсетеді. Для вас наши воспитатели покажут сказку. Ертегінің

аты: «Жан-жануарлардың дауласқаны. Сказка называется: «Спор животных».

Жан-жануарлардың дауласқаны.

Жылқы, сиыр, қой, ит, тауық, тышқан және бөтен

жан-жануарлардың бәрі де адамның жылына, ағалыққа таласты.

Жылқы айтты:

-Мен, адам үстіме мінсе, алысын жақын етемін, күшімді болса көреді, сүтімді

болса ішеді, қылыма дейін арқан істейді, адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл

ағасы мен боламын, - деді.

Түйе айтты:

-Сен жұмысын істесең, арпа, сұлу, шөп асайсың, тамағың үшін құл болдың.

Мына мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге

барамын, аш болдым деп арпа, сұлу сұрамаймын, көде болса – көде, жусан болса –

жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлге де

шыдап жүре беремін, жыл ағасы болу маған лайық, - деді.

Сиыр айтты:

-Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт, май істейді.

Қой айтты:

-Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді?! Жүнімді алып, киіз істейді,

жабағымнан күпі тігеді, арқан, жіп еседі, сүтімнен құрт, май алады, - деді.

Ит айтты:

-Мен болмасам, сенің көбіңді не ұры ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді, сенің

бәріңнің мен бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп-абалап, иеме хабар беремін.

Тауық айтты:

-Мен болмасам, кісі ерте тұрып, жұмысына бара алмас еді. Адам ұйықтап

қалмай, жұмысына бару үшін таңертең айқайлап хабар беремін, оятамын. Көп

отыраң, ұйқың қанбай, жұмысыңнан қаларсың деп таңертең тағы айқайлаймын. Жатар

уақыт болды деп, түн ортасында да шақырамын, кеш болса тағы шақырамын, демалар

мезгіл болды деп, - деді.

Тышқан не дерін білмеді де, бір түрлі қулық ойлап, жиналған көпке айтты:

-Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол

жыл басы болсын, - деді.

Түйе өзінің биіктігіне сеніп, менен бұрын кім көреді деп

тышқанның сөзін қостап, бәрі де жылды қарап тұрды. Біраздан соң тышқан

жорғалап, түйенің үстіне шығып, өркешінің басына мінді де отырды. Сонымен,

бәрінен бұрын жылды тышқан көріп, хабар беріп, жылдың басы болған. «Түйе бойына

сеніп жылдан құр қалды» деген сөз осыдан қалған екен.

Жүргізуші: Осымен ертегі

аяқталды, тыңдағандарыңыз үшін рахмет! Сөз кезегін «Дән» балабақшасының

меңгеруші Исмайлова Адема Хамитбекқызына беріледі. Меңгеруші тілдер мерекесінің жабылуы туралы айтып кетеді, қорытындылайды.

Просмотров: 840


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст