Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Төрлет құтты Жаңа жыл»

09.01.2018

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті жиналған ата - аналар, тәрбиешілер және балалар! Сіздерді

келе жатқан ит жылы, жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құтықтаймыз! Қош

келіпсіздер «Төрлет құтты Жаңа жыл» кешімізге.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,

Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,

Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.

 Ескі жыл тауық келіп балалармен

қоштасып, Жаңа жыл жылқымен таныстырып кетеді.

Ит:

Жаңа жыл, жаңа жыл!

Мен жаңа жыл итпін,

Жаңа келіп таныстым.

Еңбек еткен жандарға,

Көл – көсірмен табыспын.

Жақсылыққа бөлеймін.

Тыныштықты тілеймін,

Береке мен ырысты,

Мен жыл боламын табысты.

Жүргізуші:

Жаңа жыл қош келдіңіз, төрлет төрімізге Жаңа жыл елімізге, жерімізге,

баршамызға құт, береке алып келсін, біздер сізге сенеміз»

Жүргізуші:

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылда шақырады бар өмір.

Бақыт болып Жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!

Балалар ортаға Аяз ата мен ақшақарды шақырайық.

Ол үшін аяз атаның құлағы естімейді айқайлап шақырайық.

Аяз ата, ақшақар, аяз ата ақшақар.

Аяз ата мен ақшақар келеді.

Аяз ата: Ау, армысыңдар ма, ұлдарым,

Армысыңдар ма, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің.

Қандай жарқын жырларың.

Асулармен алысқан.

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Кәне, шеңбер құрайық

Шыршаның шырағын жағайық.

Аяз ата: Олай болса, бәріміз бірге:

Қуант, бізді, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.(2 - рет)

Балалар қуанып шапалақ соғады.

Ақшақар

О, жараңдар қараңдар,

Қызықтарын санаңда.

Сүйсіндірер маңайды.

Ақшақармын арайлы,

Жалт - жұлт еткен жүзімнен,

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ.

Кәне, балалар келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Ақшақар: Өздерің де аман -

есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп,

әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдатып тақпақ айтып беріңдер. Аяз

ата дорбасында

барлығыңа жететін сыйлық бар.

Ақшақар: Ой, шыршаларың қандай әдемі,

керемет! Шыршаны айналып бір ән айтсақ қайтеді.

Балалар шырша айналып аяз атамен ақшақар, Жаңа жыл мен бірге ән айтады.

Ән:Аппақ аппақ

Би: «Көңілді қуыршақтар»

Ақшақар

Балалар қазір қай мезгіл?

- Қыс мезгілі!

Қыста далада не болады?

- Қар болады!

Қардың түсі қандай?

Ақ түсті.

Ақшақар балалар сендер бәрін біледі екенсіңдер.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін табыңдар.

Жұмбақтар

Аспаннан ақ ұлпа борады,

Қырқаны сейсепке орады. Ол не?(Қар)

Қолыменен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп.(Аяз)

Қыста шыны боп қатады, Сақалы желбіреп,

Жылыда су боп жатады.(мұз)

 Жүрегі елжіреп.

Үстінде бар жасыл тоны,

 Жылда бір келеді,

Шамдары бар жайнаған,

Көп сыйлық береді (Аяз ата)

Ақшақар:Ойын ойнайық балалар шыршаны

безендіру.

Жүргізуші: Аяз ата сізге арналған

біздің балалардың тақпақтары бар

кәне, кім айтады екен, ортаға шақырайық

Айда:Армысындар халайық!

Бармысындар халайық!

Жаңа жылда жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық.

Қарлығаш: Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді,

Құтты болсын,жаңа жыл.

Құттықтаймыз сіздерді.

Инжу:Бар баланың қонағы,

Төрлет ата жоғары.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

Рамир:Тамаша,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Альхан:Жаңа жылда жаңаша,

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша,

Аппақ атамыз.

Диар:Жаңадан тақпақ,

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.

Нұрдаулет:Аяз ата

келді,

Бізге сәлем берді.

Қалтасында шиколад,

Бизге оны берді.

Айару:Көрікті шыршамыз,

Шамдары самғаған.

Көңілді ортамыз,

Айтамыз шыршаға ән.

Анель: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Дамелия: Жаңа жыл ,жаңа жыл,

Тамаша тойымыз.

Алақай, алақай,

Өседі бойымыз.

Алихан: Шыршаға бардық,

Әсем ән салдық.

Аяз атадан,

Сыйлықтар алдық.

Ән:Жаңа жыл

Жүргізуші:

Ата – аналармен бірге ойын ойнаймыз. Сіздер іштеріңізден бес ата - ананы ойынға

қатысуға ортаға шақырамыз.

Қимылды ойын: «Көлеңке»

Ойын шарты: ата - ана өз балаларын алып, музыка ырғағымен, бала қандай қимыл

жасаса бірге жасайды.(5 ата - ана)

Жүргізуші:Ата - аналар үлгідегі

ертегіні тауып рөлге бөліп ойнау. Ертегі кейіпкерінің дауысын салып көмекке

келу.

Ойын: Шалқан ертегісін рөлге бөліп

ойнап беру.( Ата, Әже, қыз, ит, мысық, тышқан. )

Аяз ата мен ақшақар ата - аналар ойынды жақсы ойнағандары үшін рақмет айтып

балаларға сыйлықтарын таратады. Аяз ата мен Ақшақар балалармен қоштасып кетіп

қалады.

Ән: Ойыншықтар

Орындайтын:Айару,Дамелия,Анель.

Би: Аққалалар

Аяз ата мен ақшақар ата - аналар

ойынды жақсы ойнағандары үшін рақмет айтып балаларға сыйлықтарын таратады. Аяз

ата мен Ақшақар балалармен қоштасып кетіп қалады.

Жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай, әрбір күнің әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, балалар!

Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!

Құрметті: ата - аналар, тәрбиеші ұстаздар, қонақтар, Жаңа жылымыз құтты болсын,

еліміз тыныш, бауырымыз бүтін деніміз сау, нанымыз көп болсын, және де

балаларымыз шаттық күлкіге бөлене берсін.

«Төрлет Жаңа жыл» атта ертеңгілік іс - шарамыз өз мәресіне жетті, сау

болыңыздар, бүлдіршіндеріміз көп болсын, аман болсын.

Просмотров: 480


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст