«Әке, ана және мен – спорттық отбасы»
МКҚК «Дән» балабақшасында осы жылдың ақпан айының 22 және 23 күндері қазақ және орыс топтарында отбасылық сайыс өткізілді. Әр топтан бір-бір отбасыдан қатысты. 22 ақпан айында сайыста І орынды Юхимчук отбасы «Дино» командасы жеңіп алды, ІІ орынды Хусайнов отбасы «Крепыши» командасы жеңіп алды, ІІІ орынды Беккалиев отбасы «Крепыши» командасы жеңіп алды. 23 ақпан айында сайыста І орынды Габиден отбасы «Жігер» командасы жеңіп алды, ІІ орынды Канафин отбасы «Тұлпар» командасы жеңіп алды. Әділқазылар алқасы ретінде топтардың ата-аналар комитеті сайланды. Сайыстың аяғында топ балалары тәрбиешілермен бірге флешмоб биін биледі. Жеңімпаздарға диплом, медальдар және әрине сыйлықтар тапсырылды. Осы сайысқан қатысқан ата-аналар мен балаларға алғысымыз шексіз, деніміз әр дайым мықты болсын, халайық!