Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН» ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫС

23.02.2018

Мақсаты: Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Күш-қуат дамыту. Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар қонақтар! Біздің балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасыларға сәт сапар тілейміз!

Қажетті құралдар: арқан, шеңбер, қаптар, асықтар, кегли,орындық,үстел.

Жүргізуші:Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Біздің бүгінгі жарысатын сайыста:

................................. отбасы

.................................... отбасы

.................................... отбасы

Жүргізуші:Әр отбасы өз тобының атын, ұраның, төсбелгісін таныстырып өту керек.

Жүргізуші:Ал құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

 «Асық ату».

Ойынның шарты: Белгілі мәреде асықтар қойылғын. Қай отбасының сайыскері асықты құлатып, сызықшадан шығарса, сол топ ұпай жинап, жеңіп шығады.

«Шенберлермен өткел» эстафетасы.

Ойынның шарты:Әрбір қатысушы шенберді жерге қойып, екіншісің алдына қояды, солай орындыққа дейін жету керек. Артқа шенберлерді қолына ұстап, жүгіреді,келесі қатысушыға береді.

«Арқан тарту» ойыны.

Ойынның шарты бойынша екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұста, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

«Сурет құрастыру»

Ойынның шарты: Әр отбасыға бір суреттің қырқылған бөлшекьері беріледі. Сол суретті тез уақытта құрастырып жинап алу керек.

«Ең мықты әке».

Ойынның шарты: Әкелер ана мен баласын көтеріп , жерге түсірмей; қойылған кеглиді айналып келу керек.

«Қаппен секіру» ойыны.

Ойынның шарты: Жарысатын үш топты сайыскері мәреге келіп тұрады. Бірінші адамның аяғында қап, ол қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп қайтады. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады. Әділқазылар алқасы бағалап, ұпай сандарын жазып отырады.

Жүргізуші: Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша эстафеталардың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге балабақшамыздың балалары мен тәрбиешілердің флешмоб алдарыңызда ұсынамыз.

ФЛЕШМОБ

Жүргізуші:Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! – дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса , бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

Жүргізуші:Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше! Сау болыңыздар

Просмотров: 2123


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст