Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ «Кітаптарды сақтаңыздар»

23.05.2019

Сабақтың тақырыбы: «Кітаптарды  сақтаңыздар»

Мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениет негізін қалыптастыру және танымдық бастамаларын дамыту, кітаптардың өңдеу ережелері мен кітаптың шығу тарихы туралы өнімділігін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, өзінің іс-әрекетін жоспарлауға үйрету, желімдеу дағдыларын қалыптастыру, басқа балалармен және үлкендермен ынтымақтастыққа, кітаптарды күтіп баптауға тәрбиелеу.

Полилингвалды компонент: Кітап-книга-book, ағаш-дерево-tree, қағаз-бумага-paper.

Көрнекіліктер: Желім, жолақ қағаз, өшіргіш.

Сөздік жұмыс: Типография, қағаз комбинаты.

Әдіс -тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші ақ халатта, бас киімімен, тонометр мен аптечкасымен топқа кіреді.

-Балалар, айтыңдаршы кім осындай киімді киеді. (дәрігер)

-Ал, дәрігерлер кімді емдейді? (Адамдарды)

-Дұрыс. Бірақ бүгін адамдарға емес көмек керек. Мен поштадан осындай хат алдым: «Сәлеметсіңдерме, құрметті балалар! Бұл хатты біз кітаптар жаздық. Бұрын біз жаңа, әдемі кітаптар болған едік. Ал, қазір: қараңдаршы, бізге не болды? Біз жыртылған, ескі, әдемі емес, бұрынғыдай болғымыз келеді. Бізге көмектесетіңіздер деп ойлаймыз. Сіздерді құрметтейтін кітаптар».

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, неге кітаптар мынадай болып қалды? (өйткені, олармен жаман айналасқан)

-Біз ауырып қалған кітаптарға қалай көмектесеміз?(емдеп, желімдеу)

-Балалар, біздің кітаптарымыз неден жасалған?(қағаздан). Қағазды қайдан алатынын білесіңдер ме?(жоба көрсету).

-Балалар, қағаз неден жасалатынын таптыңдар ма?(иә, ағаштан)

-Көрдіңдер ме, қаншама адамдар еңбектенеді, дүкеннен біз кітап сатып алу үшін. Балалар, егер де біз әрқашан кітаптарды жырта берсек, барлық ағаштарды кесіп алсақ, жануарлар мен құстар қайда тұрады. Сондықтан, мен сендерге біздің кітаптарды емдеуге ұсынамын.

-Кәнеки, қиын жұмыстың алдында кішкене сергітіп алайық.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Бип биік  болып өседі.

-Біздің топта жыртылған кітаптарға емхана ашылды.

-Дәрігер болып елестетіп көріңдерші, ол үшін бастарына медициналық бас киімін киеміз.

-Балалар, кітаптарға көмектесу үшін бізге сиқырлы аптечка керек. Кәнеки, көрейік, онда не бар екенін (желім, жолақ қағаз, өшіргіш).

-Балалар, қараңдаршы, менің қолымда кітап, оның беті жыртылып қалыпты.

-Мен жолақ қағазды аламын, желім жағамын және жолақты жыртылған бетке жабыстырамын, майлықпен сүртемін.

-Ал, мынау бет қарындашпен жазылған, мен өшіргішті алып өшіремін.

-Балалар, сендер көрдіңдер ғой, қалай мен оны жасадым.(иә).

-Енді жұмысқа кірісуге болады. (Балалар кітаптарды жабыстырып, жазылған беттерді өшіреді).

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар!

-Сендер жақсы жұмыс істеп, кітаптарға көмектестіңдер.

-Айтыңдаршы, кітаптар ауырмау үшін не істеу керек?

-Жыртпау керек.

-Беттерге жазбау керек, боямау керек.

-Кір қолдарымен кітаптарды ұстамау керек.

Балалар, есте сақтаңдар: кітаптарды қастерлесек, біз өзіміздің ағаштарымызды сақтаймыз. Ал, енді кітаптарымызды алып, топқа барып, оларды кітаптар сөресіне қояйық.

Балалар, мен сендерге ұсыныс берем:

Кітап сенің қазынаң,

Кітап сенің жан досың.

Біліміңді асырар,

Кітап сенің бақ құсың.
Қорытынды:- Балалар біз бүгін не істедік?

-Балалар кітап неден жасалған?

-Ал қағаз неден?

-Сендерге дәрігер болуға ұнадыма?

-Балалар сендерге сабақ ұнадыма?

Балаларды мадақтау.

Просмотров: 365


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст