Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақ тілінің білгірлері» мақал-мәтелдер сайысы

02.05.2019

Тақырыбы: «Қазақ тілінің білгірлері» мақал-мәтелдер сайысы.


Мақсаты: Балалардың білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын, білім деңгейін дамыту. Оқырмандарды “сөз мәйегі-мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке,ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру,сөздік қорың молайту. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру. Мақал - мәтел мағынасын терең ұғындыру.

Көрнекі-құралдар: еңбек, отбасы, білім, достық туралы суреттер, шарлар.
 

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біз сендермен мына әдемі безендірілген залда жиналған себебіміз, мақал-мәтелдер сайысы өтеді. Сайысымыз 3 турдан өтеді.


Жоспары:
1 - тур.
Мақал – мәтел.
Тақырыбы: «Кім тапқыр».
2 - тур.
Мақал - мәтелді табу.
Тақырыбы: «Жалғасын тап».
3 - тур.
Мақал-мәтелді табу.

Тақырыбы: «Суретпен жұмыс».

 

1 - тур. Мақал – мәтел.
Тақырыбы: «Кім тапқыр».
Жүргізуші:
Әр топтарға үй тапсырмасы берілген. Бірнеше мақал-мәтелдерді жаттап келу керек еді. Ортаға «Бөбек» сауықтандыру тобын шақырамыз.

«Бөбек» сауықтандыру тобы.

«Ручеек» ортаңғы тобы.

«Қарлығаш» ортаңғы тобы.

 

Жүргізуші: Келесі тур «Жалғасын тап» деп аталады. Мен сендерге мақал-мәтелді басын айтамын, ал сендер аяғын тауып айту керексіңдер.

 

2 - тур. Мақал - мәтелді табу.
Тақырыбы: «Жалғасын тап».

1.Оқусыз білім жоқ, (Білімсіз күнің жоқ).

2.Друзья познаются в (беде).

3.Білікті бірді жығады, (Білімді мыңды жығады).

4.Кто много читает – (тот много знает).

5.Жері байдың – (елі бай).

6.Тот герой, кто за (Родину горой).

7.Тәрбие – отбасынан (басталады).

8.Хочешь есть калачи – (не сиди на печи).

 

 

3 - тур. Мақал-мәтелді табу.

Тақырыбы: «Суретпен жұмыс».

Жүргізуші: Келесі тур «Суретпен жұмыс» деп аталады. Мен сендерге суреттер көрсетемін, ал сендер суретке байланысты мақал-мәтелді айтасыңдар. Мына суретті қай мақал-мәтелмен байланыстыруға болады.

 

Жүргізуші: Осымен балалар, біздің сайысымыз аяқталды. Қатысқандарыңыз үшін рахмет. (Сыйлық ретінде балаларға шарлар таратылады.) Сау болыңыздар!

Просмотров: 640


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст