(Зал әдемі безендірілген)
Жүргізуші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды
Бүгінгі мерекемен құттықтайық.
Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір сүріңіз.
Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі «Менің анашым» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Нұрасыл шығады: Такпақ айтады
Балалар шығады:
Құттықтау сөз кезегі « Дән» балабақшасының әдіскері Абдыгалиева Анар Сериковнаға беріледі.
Ән «Анашым менің »
Халид:
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті аналар.
Қарлығаш:
Анам менің анашым,
Сені жақсы көремін.
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.
Сафия:
Бәрімізге анамыз,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мерекең,
Құттықтаймын анашым!
Асанали:
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын.
Аяжан:
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің
Асанали:
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын.
Дидар:
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
8 – ші наурызбен
Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен (Көктем) кіреді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі
Шұғыламды төккенмін
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі. Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.
(Балалар жауап береді)
Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп – көп рахмет балалар сендерге. Осы кезде көктемнің телефоны шақырады.
Көктем: Иә, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма?Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін.Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы сандық тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен оқыңдар. Сау болыңдар.
Жүргізуші: Қандай қызық сандық . Ой аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен.Кілтті осы кезде бұзақы бала тартып алып кетеді. Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға келген?
Бұзақы: Ол мен бұзақыбала.Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасағаннан кейін анам мені далаға қуып жіберді.
Жүргізуші: Анаңның мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, аңаңды құттықта.Олай болса бізбен бірге ойын ойнайсың ба?
ОЙЫН: « Қыздарға гүл сыйлаймыз»
Шарты: 5 бала, 5 ана ортаға шығады, қарама- қарсы тұру керек , балалар жылдам гүлді қыздарға сыйлау керек.
БИ: «Вальс»- Жұп биі
Бұзақы: Ой қандай жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің.
Жүргізуші: Ал енді сандықты ашайық.
(Сиқырлы әуенмен кітап ашылады)
Қандай қызық сандық, онда не жасырылған екен.
(Кәмпиттерді ашу)
Санжар:
Жанымызды жайнатқан
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Анель:
Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.
Милана:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Батырхан:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Нұрдаулет:
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған,
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Бекарыс:
Айналайын анашым
Көкте күн боп жанасың
Ет жүрегі елжіреп,
Құшағыңа аласың.
Альхан:
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
Амир:
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған
« Алтыным» деп мақтаған
Айналайын ақ анам!
Айару:
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын!
2-ші кәмпит: Ән: « Анашым қартаймашы»
3-ші кәмпит: Би: « Ұлдар биі»
Әдемі, сымбатты, қуатты ұлдарымызды қарсы алайық.
Ойын: Ойын: « Кәне, сыпыр!»
Балалар мен ата- аналары екі топка бөлініп тұрады.
Әр топқа қарама- қарсы орындық тұрады. Бес- жеті қадам. Бірінші топтағы баланың қолына сыпырғыш пен шар беріледі. Ойын ойнаушы шарды орындыққа жеткізіп, орындықты айналып тобына келіп қайту керек. Келген ойыншы сыпырғышын келесі ойыншыға беріп, ойын қайталанады.
Ойын: «Алқа тағу»
Біздің балалар ойын ойнағанды жақсы көреді екен, ендеше біз аналармен ойын ойнаймыз. Ортаға үш ана шығу керек. Үш алқа соны анамыздың мойына тағу
Жүргізуші:
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Құрметті аналар!
Бүлдіршіндеріміздің дайындаған гүл шоғын қабыл алыңыздар!
Жарқыраған қызыл гүлдей,
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз- деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!