«22 Наурыз»
(22 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік)
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар және «Дән» балабақшасының қызметкерлері! Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!
Ұлыстың ұлы кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен,
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдеп,
Көк шөбі шығып желкілдеп
Дүние біткен күлімдеп,
Ұлыстың күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Құттықтау сөз кезегін «Дән» балабақшасының меңгерушісі м.а. Туспаева З.М. беріледі.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
ШАШУ
Жүргізуші: Қанша бала, қанша қыз,
Бір шоқ гүлміз баршамыз, - деп, ортаға «Балдырған» ІІ-сәбилер тобын шақырамыз.
Тақпақтар.
Дилназ.
Наурыз тойым, Наурыз тойым,
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Нургали.
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Нурислам.
Наурыз тойы – тамаша,
Наурыз тойы – жаңаша.
табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Аида.
Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Наурыз тойын бастайық.
Жүргізуші:
Наурыз күні құр тұрмайық,
Шаттанайық, қуанайық,
Ұлттық ойын ойналық.
«Орамал» ойыны.
Жүргізуші: Қанша бала, қанша қыз,
Бір шоқ гүлміз баршамыз, - деп, ортаға «Бөбек» сауықтандыру тобын шақырамыз.
Тақпақтар.
Ульяна.
Ой халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық.
Данил.
Бата беріп атамыз,
бата беріп әжеміз,
Тәтті болып жасаған,
көжеден дәм татамыз.
Богдан.
Бата:
Ұлыс оң болсың,
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Құтты болсын, бұл наурыз.
Жүргізуші:
Наурыз күні құр тұрмайық,
Шаттанайық, қуанайық,
Ұлттық ойын ойналық.
«Арқан тартыс» ойыны.
Жүргізуші:
Бүгінгі наурыз тойда,
Тамашалайық өнерді.
Ұлдарымыз бен қыздарымыз,
Ортаға шығып би билейді, - деп «Қарлығаш» ортаңғы тобының бүлдіршіндері бізге би билеп береді. Қошеметтеп ортаға шақырамыз.
«Батырлар» биі.
Жүргізуші: Қанша бала, қанша қыз,
Бір шоқ гүлміз баршамыз, - деп, ортаға «Қарлығаш» ортаңғы тобын шақырамыз.
Тақпақтар.
Нұрасыл.
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қаутышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты.
Қарлығаш.
Наурыз тойым, Наурыз тойым,
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Аяжан.
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Дидар.
Наурыз тойы – тамаша,
Наурыз тойы – жаңаша.
табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Сафия.
Наурыз келді сан құрып
Жсарып жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Мейірім таң күліп.
Бекарыс.
Наурыз тойы – салтанат,
Наурыз тойы – мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Айару.
Кел, балалар, ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық.
Санжар.
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы.
Жүргізуші:
Наурыз күні құр тұрмайық,
Шаттанайық, қуанайық,
Ұлттық ойын ойналық.
«Қыз қуу» ойыны.
Жүргізуші: Қанша бала, қанша қыз,
Бір шоқ гүлміз баршамыз, - деп, ортаға «Қарлығаш» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Абуова Сафия «Тәуелсіз ел ұраны» әнін орындап береді. Қошеметтеп ортаға шақырамыз.
Ән: «Тәуелсіз ел ұраны».
Жүргізуші:
Наурыз күні құр тұрмайық,
Шаттанайық, қуанайық,
Ұлттық ойын ойналық.
«Тақия тастамақ» ойыны.
Жүргізуші:
Жауып, жауып,
Жер бетіне көк толсын,
Даламызға, елімізге,
Бұл жаңа жыл құт болсын, - деп осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, халайық!