Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл!

19.12.2021

«16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні!»

 Сахна мерекеге байланысты сай безендірілген, шарлармен, «16-желтоқсан Тәуелсіздік күні!» жазумен, оюлармен, балалардың суреттері ілінген.

Балалардың қолдарында жалаулар, шарлар бар, залға әуенмен кіреді, орындарына отырады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар мен құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің мерекесімен құттыйтаймыз! Біздің мерекемізді Қазақстан Республикасының әнұранымен бастайық.

Ән хормен: «Қазақстан Республикасының әнұраны».

Балаларға АКТ бойынша бейнефильм көрсетіледі.

Жүргізуші:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.
Желдей еркін, түздей кең қандай азат,
Мен қазақпын деген де қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын
Жетер сан жыл шеккені азап.
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн.

-Ортаға Романенко Маргаританы шақырамыз. Ол бізге Отан туралы өлеңдерін айтып береді. Қошеметтеп ортаға шақырайық.

Романенко Маргарита.

Отан.

Отан сенің ата-анаң,

Отан досын, бауырын,

Отан өлкең, астанаң,

Отан аудан, ауылын.

Ойын: «Арқан тартыс».

Ән хормен: «Родина моя – Казахстан».

Ойын: «Ақ сандық, көк сандық».

Жүргізуші:

Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.

Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі - сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.

Марапаттау.

Просмотров: 231


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст