Тақырыбы: «Күзгі қалпақтар»
Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту,күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: қолшатыр, машина, көкөністер, қалпақтар.
Кейіпкер: Алтын күз
Зал іші мерекеге сай безендірілген.
Жүргізуші:
Келді міне, алтын күз,
Сары шашаты жарқын күз
Мол өнімді әр ісімен,
Риза етіп халқын күз.
-Армысыздар құрметті ата-аналар, әріптестер! Сіздерді «Ақбота» 2-ші сәбилер тобынының дайындаған «Күзгі қалпақтар» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз. Ендеше бүлдіршіндерімізді қарсы алыңыздар.
Залға әуенмен балалар кіреді.
Жүргізуші:
Күз келді, күз келді,
Күдерін жаз үзгенді
Күз келді, күз келді
Көкте бұлттар жүзді енді
Ән : «Күз жомарт»
Жүргізуші: -Балалар біз бүгін алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз, бірақ мерекемізге алтын күз жетіспей тұр.
-Кәне, барлығымыз алтын күзді шақырайық.
-Алтын күз, алтын күз.
Алтын күз:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерге арнайы қонаққа келдім өнерлеріңді тамашалауға.
-Алтын күз, балалар сені көп күтті, саған арнап дайындаған такпақтары бар.
Саялы:
Алақай, алақай,
Шаттанды балақай
Береке-салты күз,
Мереке-алтын күз.
Даниэль:
Осень,осень золотая,
Хорошо, чтоты пришла!
Ты и яблок, ты и меду,
Ты и хлеба принесла.
Алина:
Любим свеклу мы, морковвку,
И капусту тоже есть
Потом что витамины,
В овощах и фруктах есть.
Рахим:
Алтын күз, алтын күз
Келіп жетті сары күз.
Диляра:
Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы кең далам,
Дариядай шалқар күз.
Анель:
Мы осенние частушки,
Пропаем сейчас для вас
Громче хлопайте в ладоши,
Веселей встречайте нас.
Әділ:
Алтын, сары, қызыл, көк.
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Элина:
Как красиво все кругом,
Золотым осенним днем
Лисьтя желтая летят,
Подногами шелестят!
Жүргізуші:
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
Ән: «Кап, кап, кап»
Жүргізуші: -Жарайсыңдар, балалар күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? Жаңбыр жаумас бұрын аспанды не жабады?
Балалар: Күн суытады, аспанды бұлт жабады
Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар, ендеше қазір қыздардың орындауындағы биді тамашалаңыздар.
Би: «Бұлттар»
Жүргізуші:Балалар күз мезгілінде жаңбыр көп жауады, ал сол жауынға қалмау үшін біз не ұстаймыз.
Балалар: Қолшатыр
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, казір мен сендермен қолшатырға тамған тамшылар деген ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Қолшатырға тамған тамшылар»
Шарты: Әуен ырғағымен барлық бала ортаға шығып қолшатырға дайын тамшыларды жапсырады.
Жүргізуші: Балалар күз мезгілінде астық пен қатар тағы не өніп піседі?
Балалар:Көкөністер мен жемістер
Жүргізуші:Ендеше сол көкөністер туралы ұлдардың орындауындағы биді тамашалаңыздар.
Би: «Көкөністер»
Ән: «Урожай»
Ойын: «Машина»
Шарты: Екі бала өз ата-анасымен ортаға шығады, баласы ортадатұрған көкөністер мен жемістерді машианға жинайды анасы жіптен тартады.Кім бірінші тартса сол жеңімпаз болады.
Жүргізуші: Ортаға «Ақбота»2-ші сәбилер тобының « Күзгі қалпақтар- 2018» атты қалпақтар шеруін тамашалаңыздар.
Табиғи материалдардан жасалған «Алтын күз» атты көрмеге және рухани жаңғыру көрмесіне белсене қатысқан ата-аналарды марапаттау.
Жүргізуші: «Күзгі қалпақтар» атты ертеңгілігіміз аяқталды, қош сау болыңыздар.