Алтын күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жүп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз.
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған, жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе –сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!
Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі.
Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән «Күз келді »
Имрам: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жадырап.
Нұрғали: Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
Аруна: Берекесін сыйлауга,
Өлкемізге куз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
.Інжу: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Дильназ: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жадырап
Айя: Жапырақ ұшты
Суықтан түсті
Сондада бізге
қызық көп күзде
Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша екі бала анасымен картоп тазалау
Ойын «Кім тез»
Ойынның шарты бойынша екі бала
анасымен күріш тазалау
Би: «Жапырақтар»
Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығад
Нурислам: Күзгі шақта
Біздің бақта
Түрлі түсті
Жеміс пісті
Шие
Айлана: Мен шиемін шиемін
Басымды мен иемін
Өрік
Богдан: Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін.
Алма
Шұғыла: Алма алма коп алма
Сары қызыл көк
алма
Теріп- теріп алайын
Атама бериін
Мөлдір : Күзгі шақта
Біздің бақта
Түрлі түсті
Көкөніс пісті
Артур: Картоп –біздің атымы
Жер астында жатырмыз,
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз
Айда Тал шыбығым бұралып
Бақшаларда қызарып
Ол мен тұрған қызынақ
Күнге қарап ұялып
Рамир: Имрам
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жадырап Өсіретін бойымды
Дамытатын ойымды,
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз
Би: Бұлттар биі
«Кап кап» әнің тамашалыныздар
Жүргізуші: «Топтасқан» биі
Көрініс: Шалқан ертегісі
Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып
Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!