Текст
Жазушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай бөбекжайда барлық жас топтарында "Ыбырай Алтынсариннің мұрасы"атты іс-шара өтті. Балалар үшін ұлы ағартушының портретімен үлкен кітап отбасының, Торғайдағы бірінші мектептің, Ыбырай Алтынсариннің оқушыларымен бірге түскен суретімен, сондай-ақ Қостанай қаласындағы ескерткіштер, мұражай және кесене суреттерімен безендірілді. Тәрбиешілер балаларға жазушының өмірбаянын айтып, Ыбырай Алтынсариннің "Қарға мен құрт", "Бақшадағы ағаштар", "Жануарлар даулары", "Бір уыс мақта" әңгімелерін оқыды.