Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақшадағы Тілдер мерекесі

18.09.2018

Балабақшадағы Тілдер мерекесі.

Тіл – халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін-келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Өйткені халқымыз дәрежеге

емес, дәстүрге бағынған. Тіл халқымыздың қайраткерлерінің марапатына, ұлы ақындары мен жыршыларының жыр арқауына айналған.

С.Торайғыров:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім,

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін..., - деп жырлады.

1997 жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның Тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.

«Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүек Тілдер мерекесі күні» болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, «Дән» балабақшасында «Тілдер күні!» мерекесінің онкүндігі ашылды. Балабақшадағы әр топ көптеген ұлт өкілдерге бөлінді.

Осы апта бойы балабақшада онкүндік тілдер мерекесі өткізіледі. Олар: онкүндік Тілдер мерекесінің ашылуы; «Қазақстанда тату-тәтті тұрамыз!» балалар шығармашылығы; «Ақылдылар» интелектуалдық-танымдық ойын; «Халықтар тату-тәтті, тілдер де тату-тәтті!» спорттық жарыс; «Қазақстан –достар елі!» ертеңгілік.

«Ақылдылар» интелектуалдық-танымдық ойында ортаңғы тобының бүлдіршіндері қатысады. «Халықтар тату-тәтті, тілдер де тату-тәтті!» спорттық жарыста екінші сәбилер тобының бүлдіршіндері қатысады. «Қазақстан –достар елі!» ертеңгілігінде әр топ өздері таңдаған ұлтты таныстырады, бір тағамды пісіріп алып келеді де, бір нөмірді көрсетеді.

Бүгінгі іс-шарада «Дән» балабақшасының бүлдіршіндері мен қызметкерлері ғана емес ата-аналарда белсене қатысып, ат салысты. Осы ертеңгіліктің ұйымдастырушыларына шексіз, оларға көп рахмет!

 

Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст