Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 Қыркүйек – білім күні. (тақырыптық сабақ)

11.09.2018

1 Қыркүйек – білім күні. (тақырыптық сабақ)

 

Сабақтың тақырыбы: «1-қыркүйек – білім күні».

 

Сабақтың мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына

сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.

Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер.

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.

                                                                                                                                            

Барысы:

 

І. Кіріспе бөлім.

Мемлекеттік әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек

күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).

Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.

Балалар, біз II-сәбилер  тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.

(балалардың жауабын тыңдау)

Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.

Балалар, айтыңдаршы, бізқай Республикадатұрамыз?

Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Өтежақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?

Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.

Тәрбиеші: Өтежақсыбалалар. Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?

Балалар: Біз Жақсы қаласындатуып, өмір сүріп жатырмыз.

Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?

Балалар: «Дән» балабақшасы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге Алина атты баламыз Отан туралы тақпақ айтып бергісі келеді.

 

ІІ. Негізгі бөлім.

 

Ділназ:         

Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз.

                           

Өйткені оны мекенеткен,бабамыз бен атамыз.

                           

Отандыәркіманасындай, қастерлейдібағалап

                           

ӨйткеніОтананасындай, біздіөсірераялап.

 

Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең

тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық.

 

Диар:Білім алған өзіңнен, дәрігер, ұшқыш не ғалым.

                           

Саған ыстық сезіммен, қарайдыжұрт, мұғалім.

                           

Мен де өзіңді әрдайым, қамқорым деп ұғамын

                           

Күліп атқан таңдасың, жарқыңсың сен, мұғалім.

 

Айя:             

Қыркүйектің бірінде, кеудем толы дірілге

                           

Құлақ түйем елеңдеп, «Бақша» деген бір үнге.

 

Инжу:            

Сәлем саған балабақшам, алтын ұйям сүйікті

                  

        Сен әпердің білікті, сенен өсіп көктедім.

Балалардың орындауында ән «Біздің балабақша».

 

Рамир:            

Келгенімде алдыңа, қызыл арай гүл алып

                          

Жақын тартып жаныңа, шәкіртім деп қуанып.

Балалармен суреттер бойынша әңгімелесу.

 

Ойын: «Менің сүйікті балалбақшам».

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, өз туған жерлеріне, елдеріне, балабақшаларына деген

сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 

Айлана:            

Сәлем саған балабақшам, алғыстарым көп менің.

                           

Оқу, білім, тәрбие, ой санама еккенің.

 

Аруна:            

Балабақшам – айтар әнім, сан рет қайталадым.

                           

Өзіңнен алғанымды, өзіне қайтарамын.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім.

 

Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.

Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарыі үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.

Просмотров: 609


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст