Текст
Жаздың шуақты күнінде балалар таза ауада қимылды ойындар ойнап, доппен түрлі қызықты жаттығулар орындады. Балалар допты домалату, нысанаға дәлдеп лақтыру, қағып алу және доппен шапшаң қимылдау сияқты ойындарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізді.
Міндеті: балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, жылдамдық, ептілік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Допты дұрыс ұстауға, домалатуға, лақтыруға және қағып алуға үйрету.