Текст
07.09.2026
Міндеті: ата-аналар мен балалар арасындағы сүйіспеншілікке, қамқорлыққа және өзара сенімге негізделген қарым-қатынасты нығайту.
Тренинг барысында ата-аналар алақан пішініндегі тапсырманы орындады. Олар әр саусақтың ішіне балаларына арнаған жылы лебіздері мен ақ тілектерін, қамқорлыққа, мейірімге, қолдауға және ізгі қарым-қатынасқа қатысты ойларын жазды.
Шара соңында барлық алақандар біріктіріліп, ортақ «Қамқорлық алақаны» композициясы жасалды. Бұл жұмыс ата-аналардың балаға деген шексіз сүйіспеншілігі мен қамқорлығының, сондай-ақ отбасы бірлігі мен өзара түсіністігінің символына айналды.