09.01.2026
Кеңес басында бөбекжай меңгерушісі Жуманова Ф. С аталған бағдарлама бойынша білім алып жатқан 35 тәрбиеленушінің (13 ересек топ баласы және 22 мектепалды тобының тәрбиеленушісі) аралық мониторинг нәтижелері туралы ақпарат берді.
Тәжірибе алмасу:
Педагогтар өз жұмыстары туралы есеп беріп, оқытудың қандай әдіс-тәсілдері мен формаларын қолданатындарын ортаға салды. Сондай-ақ, жұмыс барысында кездесетін қиындықтарды талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырды.
Әдістемелік ұсыныстар:
Әдіскер Сабекова У.А оқытудың тиімді әдістері бойынша келесідей ұсыныстар берді:
«Сөйлейтін қабырға»: Апта бойы үйренетін сөздерді сурет түрінде бейнелейтін «Қазақша сөйлейік!» стендін безендіру.
Мнемотехника: Өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды, сондай-ақ қазақ тіліндегі қарапайым сөйлемдер мен қысқа әңгімелерді жаттату үшін қолдану.
Театрландырылған іс-әрекет: Ертегілерді театрдың әртүрлі түрлері арқылы қазақ тілінде айтып беру.
Күн тәртібінде :сөздік, қимыл-қозғалыс және дидактикалық ойындар ойнату, Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес сөздік минимумды үнемі айтып отыру.
Жұмысты жариялау: Дарынды балалармен жұмыс жүргізу, байқауларға қатысу және Тілге бойлау бойынша атқарылған жұмыстарды сайтта, Instagram парақшасында және ата-аналар чатында жариялау.
Шешім:
Жұмыста оқытудың тиімді формаларын қолдану жалғастырылсын.
Мнемотехника әдісі мен қазақ тілі ортасына бойлау үшін пәндік-дамытушылық орта кеңінен пайдаланылсын.
Күнделікті сәттерде міндетті сөздік минимумды қайталап отыру енгізілсін.
Ата-аналарға ақпарат беріліп, «Тілге бойлау» бағдарламасын іске асыруға бірлескен іс-шаралар арқылы тартылсын.