Текст
17.12.2025
12 желтоқсан күні "Қарлығаш" және "Ручеек" әр түрлі жастағы топтарда "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранынан басталды. Тәрбиеленушілер мерекеге байланысты тақпақтар мен әндер айтып, би биледі. Қызықты ойындар ойнап, белсене қатысты.