Текст
Мектепке дейінгі ұйымның антитеррористік дайындық жоспарына сәйкес
завхоз Қалымбекова Ж. С. қызметкерлермен
«Қызметкерлерге қарулы шабуыл жасалған кездегі әрекет ету алгоритмі» тақырыбында нұсқаулық өткізді.
Нұсқаулық барысында негізгі қауіпсіздік шаралары, эвакуация тәртібі,
төтенше жағдай кезіндегі персоналдың іс-әрекеттері және жедел хабарландыру тәсілдері түсіндірілді.
Қызметкерлерге қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі жеке жауапкершілік
және қауіп төнген жағдайда ұжымның үйлесімді жұмысының маңыздылығы еске салынды.