15.12.2025
Орыс тілінде оқытылатын "Колосок " мектепалды тобының балаларымен "Менің Отаным - Қазақстан!" ("Тілге бойлау" бағдарламасы бойынша) қазақ тілі пәні бойынша ұйымдастыру қызметі өткізілді.
Бағдарламаның тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының міндеттері: балаларға Қазақстан Республикасының көрікті жерлері мен ауыл туралы мағлұмат беру, сөздік қорын, ойлауын, сөйлеуін дамыту, туған жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, ұлттық құндылықтарды баулу, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.
"Тілге бойлау" бағдарламасының міндеттері: балаларды қазақ тіліндегі қарапайым сұрақтарды түсінуге және оларға жауап беруге үйрету.
Ұйымдастырылған іс-шараға 5 жастағы балалар, ата-ана, тәрбиеші және қазақ тілі пәнінің оқытушысы қатысты.