Текст
Жыл сайын ауданда мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері арасында "Үздік педагог" байқауы өтеді. Биылғы жылы байқау онлайн режимде өтті және "Дән" бөбекжайының МКҚК-нан "Колосок" ересектер тобының тәрбиешісі Екатерина Григорьевна Яваева қатысты.
"Үздік педагог-2021" байқауы 4 турдан тұрды: визит карточкасы, шебер сынып көрсету, портфолио, эссе. Екатерина Григорьевна барлық турлардан лайықты өтіп, 1 орынға ие болды. Бөбекжай ұжымы Екатерина Григорьевнаны жеңісімен құттықтап, жұмысына сәттілік тілейді!