Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының "Дән" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли сад "Дан" села Жаксы при отделе образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған "Әжелер мектебі" жобасы бойынша, "Әжем - менің асыл жан! " атты мерекелік іс-шара өткізілді.

26.03.2025

Қонаққа Жақсы ауданының кәсіподақ төрағасы - Аманжол Асет Бахытулы келіп құттықтау сөзін айтты. 
Әр топтан  әжелер немерелері мен бірге салт - дәстүрлер көрсетті. 
" Бөбек " тобының әжесі Жакупбекова Бақытты Тубекбаеана немересі  Аиша мен «Ұршық үйіру» дәстүрін, "Ручеек" тобы әжесі Казкенова Нурсулу Тукеновна немересі София мен «Бесікке салу» дәстүрін, "Балдырған" тобынан әже Ерназарова Толкын Мейрамовна  немересі Адия «Наурыз көжені» жасалу жолын, "Ақбота" тобынан Жандилдина Акаш Еламановна немересі Асылым «Тұсау кесу»  салт- дәстүрін, "Колосок" тобынан Кабдрашева Халида Зейнеловна немересі Азалиямен «Құрақ  тігу» дәстүрін көрсетті. 
Сонымен қатар барлық топтың бүлдіршіндері би билеп, ән айтты. 
"Әже" сөзі - қазақ халқы үшін ерекше мағынаға ие. Әже - отбасының тірегі, даналығы мен мейірімі мол жан. Ол немерелеріне ақыл-кеңес беріп, өмірлік тәжірибесімен бөліседі.
Әженің рөлі қазақ қоғамында өте маңызды.

Просмотров: 173


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст