Текст
Қонаққа педагогикалық еңбек ардагерлері - Ширяева Светлана Николаевна және Павлечко Галина Васильевна келіп құттықтау сөздерін айтты. Мереке қонаққа келген Қыдыр атаның батасынан басталды және топтардың тәрбиеленушілері Дәурен Асанали мен Дмитриев Елизар бата айтты. Мерекеде тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетті: би биледі, тақпақтар мен әндер айтты, сән көрсетілімі болды. Қонаққа келген Алдар Көсемен "Арқан тарту" және "Бұқалар жекпе-жегі" деген қазақтың ұлттық ойындарын қызыға ойнады. Әр топтың ата-аналары балаларға арнап дөңгелек үстелде кең дастарханда қазақтың ұлттық тағамдарын жайып берді.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, халайық!💐