Текст
Мереке қонаққа келген Қыдыр атаның батасынан басталды. Мерекеде тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетті: би биледі, тақпақтар айтты. Қонаққа келген Алдар Көсемен "Арқан тарту" және "Қой көтеру" деген қазақтың ұлттық ойындарын қызыға ойнады. Әр топтың ата-аналары балаларға арнап дөңгелек үстелде кең дастарханда қазақтың ұлттық тағамдарын жайып берді.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, халайық!